Таяу Шығыс елдеріне әуе рейстері тағы да тоқтатылды

© Photo : Пресс-служба АО "Самрук-Казына"Самолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Жыл басынан бері әуе рейстері төртінші рет кейінге шегеріліп отыр
АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Таяу Шығыс елдеріне әуе рейстері шілде айының соңына дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Air Astana.
Air Astana тұрақты рейстері Алматы мен Астанадан Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарға 31 шілдеге дейін ұшпайды. Шешім аймақтағы шиеленіске байланысты қабылданды.
Тоқтаған рейстердің жолаушыларына билет құны айыппұлсыз толық қайтарылады.
"Рейстер қайта басталғаннан кейін тегін қайта брондау немесе басқа бағыттарға бағытты өзгерту қолжетімді", - деп хабарлады Air Astana.
Айта кетері, жыл басынан бері әуе рейстері төртінші рет кейінге шегеріліп отыр. Бұрын рейстерді тоқтату мерзімі наурызға дейін, содан кейін сәуір айының соңына дейін және 31 мамырға дейін ауыстырылған болатын.
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға кеткен шығын көлемі жарияланды
Жаңалықтар
0