Таяу Шығысқа әуе рейстері қайта тоқтатылды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Жазылу
Бұған дейін Астанадан Дубайға бағыт алған жолаушылар ұшағы кері қайтарылған болатын
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясы.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады.
"13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылады", – деді компания.
Жолаушылар 12–18 шілде аралығында және 31 шілдеге дейін орындалатын рейстерге сатып алған билеттерінің толық құнын қайтара алады немесе билеттерін басқа күнге ауыстыра алады.
Айта кетері, Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты бұған дейін Астанадан Дубайға бағыт алған жолаушылар ұшағы кері қайтарылған болатын.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
"Ташкент – Атырау" бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады
Жаңалықтар
0