https://sputnik.kz/20260902/pavlodardagy-6-adamnyn-olimi-tekseru-qorytyndysy-zhariyalandy-66297265.html
Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлді: тексеру қорытындысы жарияланды
Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлді: тексеру қорытындысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкірт сутегінің әсерінен қаза тапты 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T11:17+0500
2026-09-02T11:17+0500
2026-09-02T11:22+0500
павлодар
уланғандар
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25088319_0:0:1850:1041_1920x0_80_0_0_1f42fbd147cc6de79370b758d31770b1.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысындағы "Aqtogai Milk" ЖШС-де алты жұмысшының қаза болуына әкеп соққан топтық жазатайым оқиғаға жүргізілген арнайы тексеру аяқталды, деп хабарлайды еңбек министрлігі.Тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкірт сутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен.Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкірт сутегінің әсерінен қаза тапты.Үкіметтік комиссияның жұмысы қорытындысы бойынша жұмыс беруші – "Aqtogai Milk" ЖШС 100 пайыз кінәлі деп танылды.Арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары айқындалып, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірленді.Еске сала кетейік, 20 шілдеде Павлодарда жұмыс орнында 6 жұмысшы қаза болды. Олар кәріз құдығына түсіп, уланып қалған.
https://sputnik.kz/20260721/pavlodarda-kariz-qudygyna-tusip-ulangan-marqumdardyn-nesielerin-oteuge-komek-korsetiledi-65067737.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25088319_179:0:1672:1120_1920x0_80_0_0_90ce8f53e1bf127e0fd403b5e0c91ac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, уланғандар, министрлік
павлодар, уланғандар, министрлік
Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлді: тексеру қорытындысы жарияланды
11:17 02.09.2026 (жаңартылды: 11:22 02.09.2026) Бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкірт сутегінің әсерінен қаза тапты
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысындағы "Aqtogai Milk" ЖШС-де алты жұмысшының қаза болуына әкеп соққан топтық жазатайым оқиғаға жүргізілген арнайы тексеру аяқталды, деп хабарлайды еңбек министрлігі.
Тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкірт сутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен.
Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкірт сутегінің әсерінен қаза тапты.
"Жұмысшылар қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша тиісті оқудан өтпеген. Қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар кәріз құдығындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, оның ішінде авариялық жағдай туындаған және құтқару жұмыстары жүргізілген кезде қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген", - дейді министрлікте.
Үкіметтік комиссияның жұмысы қорытындысы бойынша жұмыс беруші – "Aqtogai Milk" ЖШС 100 пайыз кінәлі деп танылды.
Арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары айқындалып, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірленді.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Павлодарда жұмыс орнында 6 жұмысшы қаза болды. Олар кәріз құдығына түсіп,
уланып қалған.