Павлодар облысында кәріз құдығына түскен алты адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКанализационный люк
Канализационный люк - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында болды. Жедел жәрдемге шақырту сағат 12:01-де түскен.
"Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді", – деді дәрігерлер.
Дәрігерлердің мәліметінше, аман қалған 38 жастағы ер адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Открытый канализационный люк, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында көз жұмды
Жаңалықтар
0