https://sputnik.kz/20260714/shu-qalasynda-aurukhana-qyzmetkerleri-kariz-qudygynda-koz-zhumdy-64886677.html
Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында көз жұмды
Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Оқиға кезінде құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман қалған 14.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-14T14:18+0500
2026-07-14T14:18+0500
2026-07-14T14:18+0500
аурухана
кәріз құдығы
https://sputnik.kz/img/474/99/4749910_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_e324b35f28a75f5a6e1bce694db37019.jpg
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеу кезінде құдыққа түскен сантехник тұншығып, көмек сұраған. Оның дауысын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқару үшін шамамен үш метр тереңдіктегі құдыққа түскен, алайда өзі де есінен танып қалған.Екі адамды құтқаруға әрекет жасаған үшінші қызметкер де құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Оқиға кезінде құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға байланысты арнайы тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.Полиция қылмыстық іс қозғады."Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Процессуалдық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.
https://sputnik.kz/20260522/zhezqazganda-slesar-ulanyp-oldi-tagy-bir-zhumysshy-aurukhanaga-tusti-63628597.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/474/99/4749910_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_e269c9df2b849b108de3db1af5bc740c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана, кәріз құдығы
Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында көз жұмды
Оқиға кезінде құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман қалған
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының Шу қаласында аурухана қызметкерлері кәріз құдығында уланып көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеу кезінде құдыққа түскен сантехник тұншығып, көмек сұраған. Оның дауысын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқару үшін шамамен үш метр тереңдіктегі құдыққа түскен, алайда өзі де есінен танып қалған.
Екі адамды құтқаруға әрекет жасаған үшінші қызметкер де құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Оқиға кезінде құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға байланысты арнайы тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Жазатайым оқиға бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін расталмаған ақпаратты таратпауға және ресми қорытынды жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым немесе пікір білдіруден аулақ болуға шақырамыз", – делінген басқарма хабарламасында.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Процессуалдық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.