https://sputnik.kz/20260721/pavlodarda-kariz-qudygyna-tusip-ulangan-marqumdardyn-nesielerin-oteuge-komek-korsetiledi-65067737.html
Павлодарда кәріз құдығына түсіп уланғандардың несиесін өтеуге көмек көрсетіледі
Павлодарда кәріз құдығына түсіп уланғандардың несиесін өтеуге көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Компания кәмелетке толмаған балалардың 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады 21.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-21T09:43+0500
2026-07-21T09:43+0500
2026-07-21T10:38+0500
павлодар облысы
кәріз құдығы
улану
https://sputnik.kz/img/1264/31/12643174_0:137:1000:700_1920x0_80_0_0_9051e3a0f425633b5285d402d263aae5.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланған алты адамның несиесін өтеуге көмек көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Асайын Байханов жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты қызметкер қаза болған "Aqtogai Milk" ЖШС-не барды. Облыс әкімі қаза болған азаматтардың отбасыларымен кездесіп, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады.Асайын Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне, Полиция департаментіне және прокуратураға аталған оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.Еске салайық, Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды. Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
https://sputnik.kz/20260720/pavlodar-oblysynda-kariz-qudygyna-tusken-alty-adam-koz-zhumdy-65058553.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1264/31/12643174_11:0:944:700_1920x0_80_0_0_601cde1e9f09097b803eaef3e230a40d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, кәріз құдығы, улану
павлодар облысы, кәріз құдығы, улану
Павлодарда кәріз құдығына түсіп уланғандардың несиесін өтеуге көмек көрсетіледі
09:43 21.07.2026 (жаңартылды: 10:38 21.07.2026) Компания кәмелетке толмаған балалардың 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланған алты адамның несиесін өтеуге көмек көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы Асайын Байханов жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты қызметкер қаза болған "Aqtogai Milk" ЖШС-не барды. Облыс әкімі қаза болған азаматтардың отбасыларымен кездесіп, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
"Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан да және жұмыс беруші тарапынан да кешенді қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді және несиелерін өтеуге жәрдем көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады.
Асайын Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне, Полиция департаментіне және прокуратураға аталған оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Еске салайық, Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды. Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.