https://sputnik.kz/20260716/soltustik-qazaqstanda-kurdeli-zhondeuden-otken-ush-vokzal-paydalanuga-berildi-64968685.html
Солтүстік Қазақстанда күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді
Солтүстік Қазақстанда күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T22:50+0500
2026-07-16T22:50+0500
2026-07-16T22:50+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1e/55213533_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_89cf5e0d1c7c339ea0c576dae7423059.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.1958 жылы салынған Тайынша вокзалының ауданы бұрын 375 шаршы метр болған. Ал күрделі жөндеуден кейін 580 шаршы метрге дейін кеңейді. Бүгінде осы станция арқылы аймақты Астана, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.Үшінші вокзал - 60 жылдық тарихы бар Саумалкөл станциясы. 207 шаршы метр ғимарат толығымен жаңартылды.Айта кетері, бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр. Премьер-министр осы жұмыстарды аяқтаудың нақты мерзімін белгілеп берді.
https://sputnik.kz/20260103/soltustik-qazaqstan-oblysynda-ush-vokzal-zhanartylyp-zhatyr-60115959.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1e/55213533_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a4df2536df3cd896db8b5f9e3cc137eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді
Бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында күрделі жөндеуден өткен үш вокзал пайдалануға берілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан көлік министрлігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
1958 жылы салынған Тайынша вокзалының ауданы бұрын 375 шаршы метр болған. Ал күрделі жөндеуден кейін 580 шаршы метрге дейін кеңейді. Бүгінде осы станция арқылы аймақты Астана, Алматы, Петропавл, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Қырғызстан және Ресеймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.
"Жаңаесіл вокзалынының салынғанына да биыл 66 жыл болды. Күрделі жөндеуден кейін ғимараттың ауданы 429-дан 570 шаршы метрге дейін өсті", - делінген хабарламада.
Үшінші вокзал - 60 жылдық тарихы бар Саумалкөл станциясы. 207 шаршы метр ғимарат толығымен жаңартылды.
Айта кетері, бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр. Премьер-министр осы жұмыстарды аяқтаудың нақты
мерзімін белгілеп берді.