Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр

© Photo : ҚР Көлік министрлігіСолтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл, Саумалкөл және Тайынша станцияларындағы үш теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады көлік министрлігі.
Жобаның негізгі мақсаты – жолаушылар инфрақұрылымын жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру.
© Photo : ҚР Көлік министрлігіСолтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
Жоба аясында вокзал ғимараттарын кешенді түрде жаңғырту, ішкі бөлмелер мен инженерлік желілерді жаңалау, сондай-ақ жолаушылар ағынын ескере отырып күту залдарын қайта жоспарлау көзделген.
Жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өрт, терроризмге қарсы және санитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.
© Photo : ҚР Көлік министрлігіСолтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
"Жұмыстар облыс әкімдігі айқындаған мердігер ұйымдар тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Жаңаесіл станциясындағы аумағы 570 шаршы метрді құрайтын вокзал ғимаратында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысына жетті. Саумалкөл және Тайынша станцияларында инженерлік желілерді орнату мен ішкі әрлеу бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде. Аумағы 442 шаршы метр болатын Тайынша вокзалының да дайындық деңгейі аяқталу кезеңінде", - деп хабарлады министрлік.
Қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуы жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып, вокзал кешендерін теміржол саласының заманауи талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді, дейді министрлік.
Теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жөндеу жүргізілген вокзал шатырынан жаңбыр суы ақты
Жаңалықтар
0