https://sputnik.kz/20260616/vokzaldardy-zhondeu-zhumystary-qashan-ayaqtalady---premer-naqty-merzimin-belgiledi-64156933.html
Вокзалдарды жөндеу жұмыстары қашан аяқталады - премьер нақты мерзімін белгіледі
Вокзалдарды жөндеу жұмыстары қашан аяқталады - премьер нақты мерзімін белгіледі
Sputnik Қазақстан
Еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жөндеуден өтіп жатыр 16.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-16T11:56+0500
2026-06-16T11:56+0500
2026-06-16T11:57+0500
теміржол
вокзал
үкімет отырысы
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52446173_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_1d712ff336e9c0f37f23f7cc13f5f0d7.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер осы жұмыстарды "әлеуметтік жоба" деп атады. Үкімет басшысы жұмыс күші мен техникалық құралдарды да көбейтуге тапсырма берді. Айта кетері, Тәуелсіздік жылдарындағы теміржол вокзалын жаңғыртудың ең ірі бағдарламасы былтыр басталған болатын. Соның аясында 124 вокзал жаңартылады. Жақында Абай облысында алғашқы екі жаңартылған нысан пайдалануға берілді.
https://sputnik.kz/20250529/turkistan-oblysynda-6-temirzhol-vokzaly-zhanartylady-54068371.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52446173_117:0:1254:853_1920x0_80_0_0_0d2d66d7d02b67e86a4a7a9c3962e407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, вокзал, үкімет отырысы, министрлік
теміржол, вокзал, үкімет отырысы, министрлік
Вокзалдарды жөндеу жұмыстары қашан аяқталады - премьер нақты мерзімін белгіледі
11:56 16.06.2026 (жаңартылды: 11:57 16.06.2026) Еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жөндеуден өтіп жатыр
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер осы жұмыстарды "әлеуметтік жоба" деп атады.
"Өйткені ол жолаушылар инфрақұрылымын жақсартуға, халыққа жайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданды. Әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек", - деді Бектенов.
Үкімет басшысы жұмыс күші мен техникалық құралдарды да көбейтуге тапсырма берді.
"Қайта жаңартылған 30 вокзал 1-ші шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауға тиіс. Астана, Алматы және Түркістанның тарихи вокзалдарындағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1-ші қазанға қарай аяқталуы қажет",-деп атап көрсетті премьер.
Айта кетері, Тәуелсіздік жылдарындағы теміржол вокзалын жаңғыртудың ең ірі бағдарламасы былтыр басталған болатын. Соның аясында 124 вокзал жаңартылады. Жақында Абай облысында алғашқы екі жаңартылған нысан пайдалануға берілді.