https://sputnik.kz/20250529/turkistan-oblysynda-6-temirzhol-vokzaly-zhanartylady-54068371.html
Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы жаңартылады
Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы жаңартылады
Sputnik Қазақстан
Реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген 29.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-29T23:00+0500
2025-05-29T23:00+0500
2025-05-29T23:00+0500
түркістан облысы
теміржол
жөндеу жұмыстары
вокзал
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52446323_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a704bc0a96db8a143f0bc15d98cfef26.jpg
️АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысындағы тозығы жеткен теміржол вокзалдары жөндеуден өтеді.Нақтырақ айтқанда, "Түркістан", "Манкент", "Түлкібас", "Сарыағаш", "Темір", "Арыс-2" теміржол вокзалдарына реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жопарланған. Аталған вокзалдардың эскиз жобасы мен алдағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен кеңесте талқыланды. Қазіргі уақытта республикадағы 125 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде, Түркістан облысы көлемінде 6 теміржол вокзалы ұсынылған. Бүгінде "Түлкібас", "Арыс-2", "Манкент" және "Сарыағаш" теміржол вокзалдарының қызметі уақытша ғимаратқа ауыстырылып, демонтаж жұмыстарын жүргізу үшін аумағы қоршалды. "Түркістан теміржол вокзалы тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ғылыми-реставрациялық және авторлық қадағалау жұмыстарын "Казреставрация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқарады", - делінген хабарламада. Бүгінде облыстағы 5 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген.
https://sputnik.kz/20250414/elimizdegi-125-temirzhol-vokzaly-zhondeuden-otedi--52468247.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52446323_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d8dd320618bb867dbbbcd06f08e15a8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, теміржол, жөндеу жұмыстары, вокзал
түркістан облысы, теміржол, жөндеу жұмыстары, вокзал
Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы жаңартылады
Реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген
️
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысындағы тозығы жеткен теміржол вокзалдары
жөндеуден өтеді.
Нақтырақ айтқанда, "Түркістан", "Манкент", "Түлкібас", "Сарыағаш", "Темір", "Арыс-2" теміржол вокзалдарына реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жопарланған. Аталған вокзалдардың эскиз жобасы мен алдағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен кеңесте талқыланды.
"Бұл теміржол вокзалдары – ғасырлық тарихи нысандар. Мүмкіндігінше, тарихи архитектурасын сақтай отырып, жаңартқан жөн. Барлық ғимараттар бір типті болсын. Өндірістік кесте жасап, құрылыс мерзімін нақтылайық. Құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолданыңыздар. Аудан, қала әкімдеріне құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге 10 күн уақыт беремін", – деді Нұралхан Көшеров.
Қазіргі уақытта республикадағы 125 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде, Түркістан облысы көлемінде 6 теміржол вокзалы ұсынылған. Бүгінде "Түлкібас", "Арыс-2", "Манкент" және "Сарыағаш" теміржол вокзалдарының қызметі уақытша ғимаратқа ауыстырылып, демонтаж жұмыстарын жүргізу үшін аумағы қоршалды.
"Түркістан теміржол вокзалы тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ғылыми-реставрациялық және авторлық қадағалау жұмыстарын "Казреставрация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқарады", - делінген хабарламада.
Бүгінде облыстағы 5 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген.