Алматы-1 вокзалында жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurАлматы-1 вокзалы
Алматы-1 вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Алматы-1 вокзалын жаңғыртуға барлығы 22 млрд теңге жұмсалады
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Көлік министрлігі Алматы-1 вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталатын мерзімді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғановтың айтуынша, премьер-министрдің бірінші орынбасары келіп кеткеннен кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы вокзал жұмыстарына 11 млрд теңге төлеп берген. Соның арқасында жұмыс қарқыны күшейді.
"Вокзалды жөндеу жұмыстары жылдың аяғына дейін бітуі керек болған. Енді қазір кестесін қайта қарады, қазан немесе қарашада бітуі тиіс", - деді Келбұғанов үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, Алматы-1 вокзалын жаңғыртуға барлығы 22 млрд теңге жұмсалады. Бүгінде осы ақшаның жартысы төленіп тұр.
Айта кетері, бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр. Премьер-министр осы жұмыстарды аяқтаудың нақты мерзімін белгілеп берді.
Жаңа элект пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Басқарма басшысы ҚТЖ-да орташа жалақы қандай екенін айтты
Жаңалықтар
0