Басқарма басшысы ҚТЖ-да орташа жалақы қандай екенін айтты

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Жаңа элект пойызы
Жаңа элект пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Осы салада ең аз жалақы алатын мамандар - жабдықтаушылар
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметкерлердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтегі брифингте журналистер компания басшысына "ҚТЖ басшылығы станциялар мен деполарда жұмыс істейтін қатардағы қызметкерлердің жалақысы экономикалық жағдайға сай әрі жеткілікті деп санай ма?" деген сұрақ қойды. Сол кезде басқарма төрағасы: "Иә, санаймыз", - деп жауап берді. Одан кейін қазіргі орташа жалақының мөлшерін жариялады.
"Қазіргі уақытта бізде орташа жалақы 650 000 мың теңгені құрайды. Бірақ әрбір өңірдегі коэффицентке қарай, мысалы, машинистер 1 400 000 теңге алады. Сосын Ақтау теңіз порты бар. Ол жақта теңізшілер де сондай айлық алады", - деді Алдыбергенов.
Бүгінде Ақтау халықаралық теңіз порты да "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарайды.
Бүгінгі брифингте осы салада ең аз жалақы алатын мамандар да аталды. Олар - жабдықтаушылар. Жалақысы – 377 000 теңге.
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды
Жаңалықтар
0