https://sputnik.kz/20260616/poyyzdardy-internetke-zhappay-qosu-zhumystary-bastaldy---negizgi-bagyttar-ataldy-64161460.html
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде "Нұрлы Жол -Семей" пойызы толығымен интернетке қосылған 16.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-16T14:55+0500
2026-06-16T14:55+0500
2026-06-16T14:55+0500
пойыз
жолаушылар
интернет
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62474133_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_cf188391266461ddd063910721f5225f.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы жолаушылар пойыздарын интернетке жаппай қосу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Компания төрағасының орынбасары Ануар Ахметжановтың айтуынша, былтыр OneWeb пен Starlink жүйелері арқылы вагондарда интернет тарату жобасы сынақтан сәтті өтті.Қазіргі кезде "Нұрлы Жол -Семей" пойызы толығымен интернетке қосылған. Бұдан бөлек, тағы бірнеше бағыттағы пойыздарда терминал орнату жұмыстары атқарылып жатыр. Олар:"Басқа да пойыздар бар. Біз алдымен халық көп жүретін пойыздарды алдық. Жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті Ахметжанов.
https://sputnik.kz/20260616/budan-ari-keshiktiruge-bolmaydy-bektenov-stadler-vagondary-boyynsha-tapsyrma-berdi-64157935.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62474133_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a466185bc344a4bb39d315202d13ab85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жолаушылар, интернет
пойыз, жолаушылар, интернет
Пойыздарды интернетке жаппай қосу жұмыстары басталды - негізгі бағыттар аталды
Қазіргі кезде "Нұрлы Жол -Семей" пойызы толығымен интернетке қосылған
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы жолаушылар пойыздарын интернетке жаппай қосу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Компания төрағасының орынбасары Ануар Ахметжановтың айтуынша, былтыр OneWeb пен Starlink жүйелері арқылы вагондарда интернет тарату жобасы сынақтан сәтті өтті.
"Бүгін біз басқарма төрағасы мен үкіметтің тапсырмасы бойынша жолаушылар пойыздарын интернетпен жаппай қамтамасыз ету жұмыстарын бастап отырмыз. Бұл шаралар ұлттық компанияға қарайтын пойыздарға қатысты болады", - деді Ахметжанов үкіметте өткен брифингте.
Қазіргі кезде "Нұрлы Жол -Семей" пойызы толығымен интернетке қосылған. Бұдан бөлек, тағы бірнеше бағыттағы пойыздарда терминал орнату жұмыстары атқарылып жатыр. Олар:
Алматы-Павлодар (31-ші және 32-ші пойыз);
Павлодар-Түркістан (55-ші және 46-шы пойыз);
Нұрлы Жол-Атырау (47-ші және 48-ші пойыз).
"Басқа да пойыздар бар. Біз алдымен халық көп жүретін пойыздарды алдық. Жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті Ахметжанов.