"Бұдан әрі кешіктіруге болмайды": Бектенов Stadler вагондары бойынша тапсырма берді

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Новые плацкартные вагоны "Штадлер Казахстан"
Новые плацкартные вагоны Штадлер Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк және жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуға тиіс
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Stadler компаниясының жаңа вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкіметтің бүгінгі отырысында теміржол саласын дамыту мәселесі қаралды. Сол кезде Бектенов жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдардың толастамай тұрғанын ерекше атап өтті.

"Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет", - деді Бектенов.

Премьердің тапсырмасы бойынша жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуға тиіс.
"Сондай-ақ биылғы 1-ші қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекіткен жөн", - деп атап көрсетті премьер.
Айта кетері, былтыр Астана қаласында жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын “Stadler Kazakhstan” зауыты іске қосылған болатын. Зауыт 2030 жылға дейін 557 вагон шығаруға міндет алды.
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Жаңалықтар
0