Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды

Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Астанада орналасқан "Stadler Қазақстан" ЖШС зауытында "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға арналған жолаушылар вагондарының жүйелі өндірісі іске қосылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2030 жылға дейін жүзеге асатын жоба шеңберінде 557 бірлік техника жасау жоспарланған. Олардың қатарында купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған арнайы вагондар және генераторлы вагондарды шығару қарастырылған.
Қазіргі таңда 400-ден астам қызметкер жұмыс істейтін зауытта толық технологиялық кезең іске қосылған.
Stadler шығарған купелік вагондар 40 жолаушыға арналған жайлы жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Олар заманауи климаттық бақылау жүйесімен, бейнебақылаумен, электрлік жылыту құрылғыларымен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады.
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады.
"Келісімшартқа сәйкес, биылдың өзінде алғашқы 51 вагон "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға беріледі. Бұған қоса, зауыт осы вагондарға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді міндетіне алып, олардың тұрақты жұмысын және ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа пойыздардың ерекшеліктерінің бірі — сыртқы келбетінің мемлекеттік тудың көк, сары және ақ түстерінде жасалуы. Бұл шешім Қазақстанның ұлттық болмысын және рәміздік мәнін айшықтай түседі.
Жаңа вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды ескере отырып арнайы әзірленеді.
Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Қызылордада вагон құрастыру зауыты салынады
Жаңалықтар
0