"Қауіпсіз деңгейде": қаржы министрі мемлекеттік қарыздың көлемін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚаржы министрлігі
Қаржы министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Жазылу
Былтыр шілде айында мемлекеттік қарыз 40 миллиард теңгеге жеткен болатын
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қарыздың көлемі қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жылдың басында қарыздың жалпы көлемі 36,4 трлн теңгені құрайды.
"Бұл ішкі жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 процентке тең. Осылайша, мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Біз осы көрсеткішті жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 процентке 32 проценттен асырмаумыз керек. Ал дәл қазір мемлекеттік қарыздың көлемі 36,8 трлн теңгені, жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 процентті құрайды", - деді Такиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, былтыр шілде айында мемлекеттік қарыз 40 миллиард теңгеге жеткен болатын. Оған жұмсалатын бюджет қаржысы да артып келеді.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Ақылы жолдарды пайдаланған жүргізушілер 7 млрд теңге қарыз болып қалған
Жаңалықтар
0