Мемлекеттік қарызға кететін қаржының көлемі артып келеді - Еспаева

© Sputnik / Абзал КалиевҰлттық валюта - теңге
Ұлттық валюта - теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Былтыр бюджеттің кіріс жағы орындалмады, миллиардтаған қаржы түспей қалған
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева үкіметтің республикалық бюджетті атқаруға қатысты жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр бюджеттің кіріс жағы орындалмады, миллиардтаған қаржы түспей қалған.

"2025 жылы республикалық бюджеттің кірісі 335 млрд теңгеге атқарылған жоқ. Салық және кедендік түсімдерді болжау сапасына қатысты мәселелер әлі де барә, - деді Еспаева төменгі палатада отырысында.

Бұдар бөлек, бюджет әлі күнге дейін ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге тәуелді болып отыр.
"2025 жылы қордан алынған қаражат көлемі 5,3 трлн теңгені құрады, оның айтарлықтай бөлігі нысаналы трансферттерге тиесілі. Бұл ретте ұлттық қорға түсетін түсімдердің толықтығы және пайдаланылмаған қаражатты уақтылы қайтару бойынша жүйелі мәселелер әлі де қалып отыр", - деді мәжіліс спикерінің орынбасары.
Сосын былтыр 279 млрд теңге игерілмей қалған. Соның 243 млрд теңгесі қаржыландырудың жеткіліксіздігімен байланысты.
"Мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығындары өсіп келеді. 2021 жылдан бастап бұл шығыстар 2,7 есеге – 978 млрд теңгеден 2025 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайған", - дейді Еспаева.
Ал тиімсіз пайдаланылған қаражаттың көлемі 649 млрд теңгеге жеткен.
Қазақстанда бюджет профициті 859 млн долларға жетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Қазақстанда бюджет профициті 859 млн долларға жетті
Жаңалықтар
0