Ақылы жолдарды пайдаланған жүргізушілер 7 млрд теңге қарыз болып қалған

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қазақстандықтардың ақылы автожолдар үшін жинақталған қарыз көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі таңда мыңдаған көлік жүргізуші ақылы жолдармен жүргені үшін төлем жасамаған.
"Жүргізушілердің ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін төлемеген қарызының жалпы сомасы 7 миллиард теңгені құрап отыр", – деді Нұрлан Сауранбаев мәжілісте өткен брифинг барысында.
Қазіргі уақытта республика бойынша шамамен 5 мың шақырым ақылы автожол бар.
"Алдағы екі жыл ішінде ақылы жолдардың ұзындығын 7,5 мың шақырымға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 11 мың шақырымға дейін арттыру көзделген", – деп атап өтті министр.
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Жүргізушілер жыл басынан бері ақылы жолдар арқылы 22 миллион рет жүріп өткен
Жаңалықтар
0