Екі сағат жанады: Алматыда крематорий ашылды
12:53 30.04.2026 (жаңартылды: 13:14 30.04.2026)

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Чехияда жасалған пеш 800-1100 градусқа дейін қызады
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Бірнеше жылдан бері төңірегінде талқылау мен дау толастамаған крематорий Алматыда ашылды. Халық демін ішінен тарта күткен, аты үрейлі, қоғамға жат крематорий қандай қызмет көрсетеді, ал пайдасы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
Бүгін Алматыда крематорий ресми түрде ашылды.
"Пештің бәрі шетелдік, Чехияда жасалған. 800-1100 градусқа дейін қызады. Біріншіден, пеш табиғи газбен жанады, биологиялық, жұмсақ тіндерді түгел күлге айналдыра алады. Екі сағаттап жанып, күл суиды. Біз оларды металл шараларға орналастырамыз. Біз кремация бойынша ғана қызмет көрсетеміз", - дейді Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро директоры Ардақ Әлішев.

1/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

2/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

3/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

4/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

5/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

6/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов

7/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
1/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
2/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
3/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
4/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
5/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
6/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
7/7
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Кремация құны 240 мың теңге, күлі марқұмның туыстарына беріледі немесе осы жерде уақытша сақталады. Күл арнайы капсулада сақталады.
"Тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар кремация жасалатыны туралы ақпарат жоқ. Тек тірі кезінде келісім берген адамдар ғана кремация жасалады. Ұлтқа да, жасқа да қарамайды. Бірақ табыттар ағаштан болу керек. Ал жасөспірімді кремация жасау бойынша бұл процесс те болашақта заң бойынша қарастырылатын болады", - дейді Ардақ Әлішев.
Әзірше крематорийде 2 пеш бар. Ал дене мұздатқышта бір айға дейін сақталады.
"Жер тапшылығы болғандықтан, кремация арқылы бұл проблема шешіледі. Діни көзқарасқа, жеке сұранысқа байланысты ол заңмен шешіледі. Мәйіттің күлі көмілу керек. Оған арнайы жер бөлінеді. Қазіргі уақытта ол жұмыс жүріп жатыр. Туыстары бір жыл ішінде күлді қай кезде әкетеді, қанша уақыт сақтаймыз, осының барлығы бойынша келісімшарт жасалады",- дейді бюроның бас экономисі Құралай Әбдіқанова.
Кремация - ең біріншіден, індетті таратпауға арналған орын. Яғни, сақтық шаралары, дейді мамандар. Бірақ мұның өзі әлі заң жүзінде қарастырылып жатыр.
Мәйіттен басқа ешбір затқа бұл жерде кремация жасалмайды.
Крематорий құрылысы туралы ақпарат тарағанда қоғамда "адам мәйітін өртеу - оны қорлау" деген пікір айтылды. Тіпті ислам дініне жат қылық - адам мәйітін өртеуді православтар да қолдамаған. Алайда короновирус кезінде крематорий қызметі көп қажет болған.
Адамды жерлеу үшін 6 шаршы метр жер керек, бұл бара-бара Алматының аясын тарылтып, моллалар қаласына айналдыруы мүмкін деген де қауіп бар.
Арнайы пеш бөлімінде бір күнде 8 мәйітке дейін кремация жасауға болады. Бұл туралы Новосібірден арнайы оқып келген оператор маман Қайыржан Исабеков айтты.
"Марқұмның күлі туыстары алып кеткенше сақталады. Қазіргі уақытта іске қосылған жоқ, өйткені тапсырыс болған жоқ. Жалпы кремация уақыты шамамен 1,5 - 2 сағат. Мен Новосібірде бір апта білім алып келдім. Жалпы өзім 15 жыл еңбек етіп келемін. Кремацияны пеште екі адам жасаймыз. Ол кісі де оқып келген", - дейді Қайыржан Исабеков.
Айта кетейік, 2022 жылы Астанада да биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталғанын қалалық әкімдік хабарлаған болатын.
Негізі Алматыдағы крематорий 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі таратқан. Сол кездегі ақпарат бойынша, крематорий екі ауысыммен жұмыс істеген жағдайда тәулігіне 23-24, ал жылына 7 мың кремация жасайды делінген.
Ал биыл қаңтарда қалалық денсаулық сақтау басқармасы крематоридің нақты ашылатынын хабарлады. Араға екі ай салып, крематорий сәуірдің соңында ашылады деп мәлімдеді.


