Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда крематорий құрылысы басталды

© AFP 2024 / PEDRO PARDOАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен қаланың құрылыс басқармасы айналысып жатыр.
"Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәкйес жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдік.
Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды.
Еске салсақ, 2020 жылы тамыз айында елордадағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екені хабарланған еді.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан крематорий салынатын елдегі жалғыз қала емес. Алматы қаласында крематорий құрылысы аяқталуға жақындап қалды.
Алматыда салынып жатқан крематорий күзде пайдалануға беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Өңірлер
Алматыда крематорий құрылысының аяқталу мерзімі тағы шегерілді
Жаңалықтар
0