Өңірлер

Алматыда крематорий құрылысының аяқталу мерзімі тағы шегерілді

© Photo : Алматының жайлы қалалық орта басқармасыАлматыда салынып жатқан крематорий күзде пайдалануға беріледі
Алматыда салынып жатқан крематорий күзде пайдалануға беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Медициналық қалдықтар және көз жұмғандардың мәйітін өртеуге арналған крематорийді пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарлан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Кремторий құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласының қолайлы қала ортасы басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді.

"Нысанды біз крематорий деп атамаймыз. 2020 жылы біз патологанатомиялық бюроны пайдалануға бердік. Бұл ЖЭО-2-ден оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл нысан сол патологанатомиялық бюроның филиалы. Оның функционалдық мақсаты – биологиялық және медициналық қалдықтарды утилизациялау", - деді Сапар Нұрашев.

Спикер қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді.

"Нысан ішіндегі жабдықты қосу-реттеу бойынша монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жабдықты Чехия Республикасынан алдырдық. Қазір өндіруші компанияның өкілдері келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді Сапар Нұрашев.

Ол 2021 жылдың соңына дейін нысан дайын болады деп сендірді.

Біраз уақыт бұрын Сапар Нұрашев медициналық қалдықтар және көз жұмғандардың мәйітін өртеуге арналған крематорийді пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланғанын хабарлады.

Оның айтуынша пандемия кезінде медициналық бетперде, костюмдер, пакеттер, шприцтер, ПТР-тест алуға арналған құралдар сынды биологиялық қалдық саны артқан.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0