Алматыдағы крематорий қашан салынып бітеді – әкімдік жауабы

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Бұған дейін крематорий 2021 жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп жоспарланған, бірақ мерзімі кейінге шегерілді
АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы билігі қаладағы алғашқы крематорийдің құрылысы туралы айтты.
Крематорий өткен жылдың күзінде жұмыс істей бастайды деп жоспарланған, бірақ бұл мерзім бір жылға артқа шегерілді.
Қала әкімдігі Sputnik Қазақстанға крематорий құрылысының бас жоспары екі жобаға бөлінгенін хабарлады: ғимарат салу және инженерлік желілер тарту.
Ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Крематорийді пайдалануға беру үшін нысанға сыртқы инженерлік желілерді қосу қажет.
"2021 жылдың қазан айында қолайсыз ауа райына байланысты жұмыс 2022 жылдың наурыз айына дейін тоқтатылды. Қазіргі уақытта жұмыс қайта жанданды, инженерлік желілерге қатысты жұмыс шамамен 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Крематорий екі ауысыммен жұмыс істеген жағдайда тәулігіне 23-24 кремация (жылына 7 мың кремация) жасайды.
Крематорий ғимаратында әкімшілік бөлмелер мен жұмысшыларға арналған үй-жайлар бар. Душ кабиналары, киім ауыстыратын орын, салттық керек-жарақтар дүкені, қоштасу залы жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтанда да крематорий құрылысы басталып кетті – әзірге іргетас шұңқыры ғана қазылған. Елорда әкімдігі крематорийдің нақты орны туралы ақпарат таратпады.
Жаңалықтар
0