Үкімет жанынан инновациялық штаб құрылады

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Инновациялық штабқа вице-премьер Аида Балаева жетекшілік етеді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет жанынан инновациялық штаб құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы тапсырманы аптаның соңына дейін орындауы қажет
"Үш күндік мерзімде саланы ведомствоаралық үйлестіру және технологиялық басымдықтарды әзірлеу үшін үкімет жанынан инновациялық штаб құру қажет. Штаб бастапқы идеядан өнім шығаруға дейінгі өндірістік кезең бойына инновациялық экожүйенің барлық қатысушыларының күшін жұмылдырудықамамасыз етуге тиіс", - деді Бектенов министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.
Инновациялық штабқа вице-премьер Аида Балаева жетекшілік етеді.
Айта кетері, отырыста цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жүргізушісі жоқ такси жобасын іске асыру мерзімін атады.
Көмір - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Үкімет тағы бір ұлттық жобаны бекітті
Жаңалықтар
0