Үкімет тағы бір ұлттық жобаны бекітті

Көмір - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2026
Жазылу
Ұлттық жобада экологияға және "таза көмір" технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Министрлер кабинеті көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық жобада 7,8 ГВт қуат көзін енгізу және жаңарту қарастырылған. Ол үшін 8 жаңа энергия өндіру көзін салу жоспарланған. Атап айтқанда, Екібастұз (2 640 МВт), Курчатов (700 МВт) және Жезқазғандағы (500 МВт) ірі нысандар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемендегі заманауи жылу электр орталықтары бар.
"Сонымен қатар, Ақсу ГРЭС, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергия торабын қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған 11 стансаны терең жаңғырту басталады. Бұл жұмыстар саладағы негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 2030 жылға дейін 12,6%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Осы жұмыстың барлығын бюджеттен тыс қаражатқа, яғни инвестициялар тарту арқылы іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 7,5 трлн теңгеден асады.
Ұлттық жобада экологияға және "таза көмір" технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. Енді жаңадан салынатын құрылыстар тек қана заманауи технологиялық шешімдерді қолдана отырып жүргізілетін болады. Ол үшін жоғары технологиялық электр сүзгілері орнатылып, азот тотықтарын каталитизаторлық жолмен қалпына келтіру жүйелері қолданылады. Ал газдар дымқыл жолмен күкірттен тазартылады.
Канат Бозумбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Алатаудың ерекше мәртебесі: үкімет қазіргі жер иелеріне кеңес берді
Жаңалықтар
0