Министр жүргізушісі жоқ такси жобасын іске асыру мерзімін атады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси белгісі
Такси белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Бұл жобаны Алматы, Астана мен Ақмола облысында іске асыру жоспарланған
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жүргізушісі жоқ такси жобасын іске асыру мерзімін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл жобаны Алматы, Астана мен Ақмола облысында іске асыру жоспарланған.
"Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен ұшқышсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі - 2026 жылдың екінші тоқсаны", - деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Отырыста көрсетілген слайдтарға сәйкес, бұл жобаны InDrive пен Yandex Qazaqstan іске асырады. Ал Freedom Lifestyle Алматыда дромен жеткізу қызметі бойынша пилоттық жобаны бастайды.
Айта кетері, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматыдағы аэротакси жобасы жайында айтқан. Оның сөзіне қарағанда, әуежайдан Медеуге дейін 10-12 минуттың ішінде жетуге болады.
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Астанадағы LRT: жол жүру ақысы 200 теңге болуы мүмкін
Жаңалықтар
0