https://sputnik.kz/20260320/sagatyna-320-340-shaqyrym-alatau-men-almaty-arasyndagy-aerotaksi-qalay-qatynaydy-62046257.html
Сағатына 320-340 шақырым: Алатау мен Алматы арасындағы аэротакси қалай қатынайды
Сағатына 320-340 шақырым: Алатау мен Алматы арасындағы аэротакси қалай қатынайды
Sputnik Қазақстан
Аэротакси үшін квадропорттар салынады 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T12:58+0500
2026-03-20T12:58+0500
2026-03-20T14:22+0500
үкімет
алматы
такси
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1a/59944509_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_8d948901c8e44a238954dd02249970ff.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында аэротакси қалай қатынайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі жоспарға сәйкес, аэротакси үшін квадропорттар салынады. Ол жерден Алматыға және негізгі туристік жерлерге жетуге мүмкіндік болады.Оның айтуынша, аэротаксиге билеттер онлайн режимде сатылады."Мәселен, сіз Алматыға ұшып келдіңіз. Сонда таксиге отырмай, онлайн билетті алдын ала алып, бірден жақын жердегі алаңға өтесіз. Сол жерден аэротаксиге отырасыз. Ондай аэротаксидің жылдамдығы - сағатына 320-340 шақырым. Сіз 10-12 минуттың ішінде Медеуде боласыз", - деді вице-премьер.Қазіргі кезде аэротакси шығаратын компаниялар - америкалық Joby мен қытайлық AutoFlight-пен келісімшарттар жасалды. Алдымен 10 аэротакси сатып алу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260320/alataudyn-erekshe-martebesi-qalany-kim-basqarady-62042049.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1a/59944509_0:0:1137:852_1920x0_80_0_0_a4b6198d33b28023c58ed8b060347430.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, алматы, такси
Сағатына 320-340 шақырым: Алатау мен Алматы арасындағы аэротакси қалай қатынайды
12:58 20.03.2026 (жаңартылды: 14:22 20.03.2026) Аэротакси үшін квадропорттар салынады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында аэротакси қалай қатынайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі жоспарға сәйкес, аэротакси үшін квадропорттар салынады. Ол жерден Алматыға және негізгі туристік жерлерге жетуге мүмкіндік болады.
"Әзірше, біз Алатау мен Алматы арасындағы маршруттарды анықтауды жоспарлап отырмыз. Ұшу биіктігін, жиілігін айқындау керек. Басқа ұшақтар бар, құстар бар. Соның бәрін ескеру қажет", - деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, аэротаксиге билеттер онлайн режимде сатылады.
"Мәселен, сіз Алматыға ұшып келдіңіз. Сонда таксиге отырмай, онлайн билетті алдын ала алып, бірден жақын жердегі алаңға өтесіз. Сол жерден аэротаксиге отырасыз. Ондай аэротаксидің жылдамдығы - сағатына 320-340 шақырым. Сіз 10-12 минуттың ішінде Медеуде боласыз", - деді вице-премьер.
Қазіргі кезде аэротакси шығаратын компаниялар - америкалық Joby мен қытайлық AutoFlight-пен келісімшарттар жасалды. Алдымен 10 аэротакси сатып алу жоспарланып отыр.