https://sputnik.kz/20260315/referendum-qazaqstan-khalqy-oz-tandauyn-zhasaydy-61848453.html
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды
Sputnik Қазақстан
Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады 15.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-15T07:00+0500
2026-03-15T07:00+0500
2026-03-15T07:08+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
референдум
сайлау
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61770028_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d5e4946b2b5d86ce8b8a2989361b40e6.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар ел тарихы үшін маңызды шешім қабылдайды.Халықтың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдаса, негізгі құжаттың 84 проценті жаңарады. Бұдан бөлек, мемлекеттік мейрамның күні өзгереді. Sputnik Қазақстан бүгінгі референдумға қатысты негізгі мәліметтерді ұсынады.Референдумға қанша адам қатыса аладыРеспубликалық референдумға Конституцияның жаңа жобасы шығарылып отыр. Ал бюллетеньде бір ғана сұрақ болады. Ол - "Жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".Мәтін қазақ және орыс тілдерінде берілген. Сонымен қатар көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль рельефті қарпі қолданылған. Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады. Олар:Әр жауаптың жанында бос төртбұрышты ұяшық орналасқан. Әрбір адам таңдаған нұсқасының тұсына белгі қояды.2026 жылдың басында Қазақстанда дауыс беру құқығы бар 12 416 759 адам болған. Референдумға 20 күн қалғанда әкімдіктер Орталық референдум комиссиясына нақты тізімдерді ұсынады.Жапониядағы учаске бірінші болып ашыладыРеферендум өтетін күні барлығы 10 401 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның ішінде 622 арнайы сайлау учаскесі бар. Олар перзентханаларда, әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде орналасқан.Барлық сайлау учаскесінде Конституция жобасының аудиожазбасы ойнатылып, көзі нашар көретіндер үшін Брайль трафареттері болады. Ал уақыт айырмашылығына байланысты Жапонияның Токио қаласында сайлау учаскесі ең бірінші болып ашылады.Жалпы референдум кезінде 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Соның арқасында шетелде жүрген 14,2 мың қазақстандық өз дауысын бере алады.Заң бойынша сайлаушылар тізіміне кіретін адамдардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум өтті деп саналады. Ал дауыс бергендердің ішінде жартысынан көбі "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдауы қажет. Соған қарай жаңа Конституция бойынша шешім қабылданады.Осылайша 6 миллион 208 мың 379 адамнан артық дауыс берген жағдайда референдум өтті деп саналады, ал соның ішінде жартысынан көбі – 3 миллионнан астамы "иә" десе, жаңа Конституция қабылданады.Ал дауыс берген азаматтардың саны 6 миллионға, яғни жалпы сайлаушылардың жартысына да жетпесе, онда референдум өтпеді деген шешім шығарылады. Оны тағы өткізуге болады.Референдумның нәтижесі қашан жарияланады15 наурыз күні кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс беріледі. Одан кейін учаскелік комиссиялар бірден дауыс санауға кіріседі. Ал референдум қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында ресми түрде жарияланады.Референдум қорытындысы 7 күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы шарт.Ал халық арасындағы сауалнамалардың нәтижесін дауыс берілгеннен кейін түнгі сағат 00:00-ден кейін жариялауға болады.Сауалнаманы кімдер жариялайдыДауыс беру күні және одан бес күні бұрын қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын ала қорытындылары мен басқа да зерттеулерді жариялауға болмайды. Мұндай сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.Сауалнаманы жүргізе алатын ұйымдар:Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал салғаны мынадай үшін айыппұл қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260313/referendum-birneshe-onlayn-platforma-men-internet-basylym-zhauapqa-tartylady-61817706.html
https://sputnik.kz/20260313/ishki-ister-ministrligi-azamattarga-referendum-aldynda-undeu-zhasady-61818354.html
https://sputnik.kz/20260314/qazaqstanda-referendum-aldyndagy-tynyshtyq-kuni-zhariyalandy-61826093.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61770028_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_42638a63471c854f3ffb1dcc461dbbf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , референдум, сайлау
қазақстанның жаңа конституциясы , референдум, сайлау
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды
07:00 15.03.2026 (жаңартылды: 07:08 15.03.2026) Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар ел тарихы үшін маңызды шешім қабылдайды.
Халықтың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдаса, негізгі құжаттың 84 проценті жаңарады. Бұдан бөлек, мемлекеттік мейрамның күні өзгереді.
Sputnik Қазақстан бүгінгі референдумға қатысты негізгі мәліметтерді ұсынады.
Референдумға қанша адам қатыса алады
Республикалық референдумға Конституцияның жаңа жобасы шығарылып отыр. Ал бюллетеньде бір ғана сұрақ болады. Ол - "Жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".
Мәтін қазақ және орыс тілдерінде берілген. Сонымен қатар көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль рельефті қарпі қолданылған. Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады. Олар:
Әр жауаптың жанында бос төртбұрышты ұяшық орналасқан. Әрбір адам таңдаған нұсқасының тұсына белгі қояды.
2026 жылдың басында Қазақстанда дауыс беру құқығы бар 12 416 759 адам болған. Референдумға 20 күн қалғанда әкімдіктер Орталық референдум комиссиясына нақты тізімдерді ұсынады.
Жапониядағы учаске бірінші болып ашылады
Референдум өтетін күні барлығы 10 401 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның ішінде 622 арнайы сайлау учаскесі бар. Олар перзентханаларда, әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде орналасқан.
"Арнайы сайлау учаскелері таңғы сағат 06:00-де, ал әдеттегі сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады", - дейді комиссия өкілдері.
Барлық сайлау учаскесінде Конституция жобасының аудиожазбасы ойнатылып, көзі нашар көретіндер үшін Брайль трафареттері болады. Ал уақыт айырмашылығына байланысты Жапонияның Токио қаласында сайлау учаскесі ең бірінші болып ашылады.
Жалпы референдум кезінде 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Соның арқасында шетелде жүрген 14,2 мың қазақстандық өз дауысын бере алады.
Референдумда кем дегенде неше адам дауыс беруі керек
Заң бойынша сайлаушылар тізіміне кіретін адамдардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум өтті деп саналады. Ал дауыс бергендердің ішінде жартысынан көбі "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдауы қажет. Соған қарай жаңа Конституция бойынша шешім қабылданады.
Осылайша 6 миллион 208 мың 379 адамнан артық дауыс берген жағдайда референдум өтті деп саналады, ал соның ішінде жартысынан көбі – 3 миллионнан астамы "иә" десе, жаңа Конституция қабылданады.
Ал дауыс берген азаматтардың саны 6 миллионға, яғни жалпы сайлаушылардың жартысына да жетпесе, онда референдум өтпеді деген шешім шығарылады. Оны тағы өткізуге болады.
Референдумның нәтижесі қашан жарияланады
15 наурыз күні кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс беріледі. Одан кейін учаскелік комиссиялар бірден дауыс санауға кіріседі. Ал референдум қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында ресми түрде жарияланады.
Референдум қорытындысы 7 күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы шарт.
Ал халық арасындағы сауалнамалардың нәтижесін дауыс берілгеннен кейін түнгі сағат 00:00-ден кейін жариялауға болады.
Сауалнаманы кімдер жариялайды
Дауыс беру күні және одан бес күні бұрын қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын ала қорытындылары мен басқа да зерттеулерді жариялауға болмайды. Мұндай сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.
Сауалнаманы жүргізе алатын ұйымдар:
1.
"Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі;
2.
"Қоғамдық пікір" зерттеу институты" ЖШС;
4.
"AMANAT" партиясының Қоғамдық саясат институты" жеке меншік мекемесі;
5.
"Еуразиялық интеграция институты" ЖШС;
6.
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ;
7.
"Институт комплексных социальных исследований – Астана" ОФ ИКСИ "СОЦИС-А" жеке қоры.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал салғаны мынадай үшін айыппұл қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (55 380 теңге);
заңды тұлғаларға - 30 АЕК (129 750 теңге);