https://sputnik.kz/20260314/qazaqstanda-referendum-aldyndagy-tynyshtyq-kuni-zhariyalandy-61826093.html
Қазақстанда референдум алдындағы тыныштық күні жарияланды
Қазақстанда референдум алдындағы тыныштық күні жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Бүгін - жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум алдындағы тыныштық күні. 14.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-14T09:00+0500
2026-03-14T09:00+0500
2026-03-14T09:00+0500
референдум
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61769985_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_70ef95aeadd181dc7cbfa98bcad2bec3.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Бүгін - жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум алдындағы тыныштық күні. Заң бойынша үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.Бұрынғы материалдарды алып тастау керек пе Заң бойынша референдум қарсаңында және дауыс берілетін күні үгiт жүргiзуге тыйым салынады. Демек, референдум комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады. Интернет сайттарда бұған дейін жарияланған материалдар да бұрынғы жерде тұруы шарт. Оны жоғары жаққа көтеруге немесе басты бетке шығаруға болмайды. Тыныштық күні үгіт жасағаны үшін қандай жаза бар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабында тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған.Айта кетері, 15 наурызда, яғни, дауыс берілетін күні де үгіт жүргізуге тыйым салынған. Сауалнама нәтижесін жариялауға болмайдыДауыс беру күні және одан бес күн бұрын қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын ала қорытындылары мен басқа да зерттеулерді жариялауға болмайды. Осылайша, дауыс беру нәтижелерінің болжамына байланысты зерттеулерді жариялауға болмайды. Мұндай сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады. Сауалнаманы жүргізе алатын ұйымдар: Сауалнаманы заңсыз жүргізгендер қалай жазаланадыӘкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салғаны үшін айыппұл қарастырылған. Сауалнама нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында дауыс беру күнінен кейін, яғни 16 наурызда сағат 00.00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.
https://sputnik.kz/20260313/ishki-ister-ministrligi-azamattarga-referendum-aldynda-undeu-zhasady-61818354.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61769985_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9f2453c6358c6b1aee55d265db5650f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
Қазақстанда референдум алдындағы тыныштық күні жарияланды
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Бүгін - жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум алдындағы тыныштық күні.
Заң бойынша үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған.
Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Бұрынғы материалдарды алып тастау керек пе
Заң бойынша референдум қарсаңында және дауыс берілетін күні үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
"Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн", - делінген заң нормасында.
Демек, референдум комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады. Интернет сайттарда бұған дейін жарияланған материалдар да бұрынғы жерде тұруы шарт. Оны жоғары жаққа көтеруге немесе басты бетке шығаруға болмайды.
Тыныштық күні үгіт жасағаны үшін қандай жаза бар
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабында тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (55 380 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (73 840 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (92 300 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (129 220 теңге).
Айта кетері, 15 наурызда, яғни, дауыс берілетін күні де үгіт жүргізуге тыйым салынған.
Сауалнама нәтижесін жариялауға болмайды
Дауыс беру күні және одан бес күн бұрын қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын ала қорытындылары мен басқа да зерттеулерді жариялауға болмайды. Осылайша, дауыс беру нәтижелерінің болжамына байланысты зерттеулерді жариялауға болмайды. Мұндай сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады. Сауалнаманы жүргізе алатын ұйымдар:
1.
"Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі;
2.
"Қоғамдық пікір" зерттеу институты" ЖШС;
4.
"AMANAT" партиясының Қоғамдық саясат институты" жеке меншік мекемесі;
5.
"Еуразиялық интеграция институты" ЖШС;
6.
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
7.
"Институт комплексных социальных исследований – Астана" ОФ ИКСИ "СОЦИС-А" жеке қоры.
Сауалнаманы заңсыз жүргізгендер қалай жазаланады
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салғаны үшін айыппұл қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (55 380 теңге);
заңды тұлғаларға - 30 АЕК (129 750 теңге).
Сауалнама нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында дауыс беру күнінен кейін, яғни 16 наурызда сағат 00.00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.