https://sputnik.kz/20260313/referendum-birneshe-onlayn-platforma-men-internet-basylym-zhauapqa-tartylady-61817706.html
Референдум: бірнеше онлайн-платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады
Референдум: бірнеше онлайн-платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады
Sputnik Қазақстан
Мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T12:10+0500
2026-03-13T12:10+0500
2026-03-13T12:10+0500
референдум
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61770028_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d5e4946b2b5d86ce8b8a2989361b40e6.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық референдум аясындағы үгіт кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.Бұдан бөлек, үгіт кезінде онлайн платформаларда заңнама бұзудың 54 дерегі анықталды. Осы фактілер бойынша барлық материал тиісті шешім қабылдау үшін ішкі істер министрлігіне жіберілді.Айта кетері, бүгін – референдум аясындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Ал мониторинг кезінде нақты үш негізгі талапқа бақылау жасалады. Атап айтқанда, анонимді үгіт материалдарға тыйым салу, қоғамдық сауалнаманы жүргізу ережесін сақтау және мемлекет мүддесіне қайшы үгітке жол бермеу.
https://sputnik.kz/20260219/referendum-otkizuge-208-mlrd-tenge-bolinedi---qarzhy-ministrligi-61285522.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0b/61770028_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_42638a63471c854f3ffb1dcc461dbbf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
Референдум: бірнеше онлайн-платформа мен интернет басылым жауапқа тартылады
Мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық референдум аясындағы үгіт кезінде анықталған заң бұзушылықтардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Қанат Ысқақовтың айтуынша, мониторинг кезінде республикалық референдум және сайлау туралы заңдар 26 рет бұзылғаны анықталды.
"Оның ішінде 24 заң бұзушылықты онлайн платформа пайдаланушылары, ал екеуін интернет басылымдар жасаған. Осы заң бұзушылықтар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама мен оның нәтижесін орналастыруға қатысты болды. Айтылған фактілер бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жолданды", - деді Ысқақов Орталық референдумның бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, үгіт кезінде онлайн платформаларда заңнама бұзудың 54 дерегі анықталды. Осы фактілер бойынша барлық материал тиісті шешім қабылдау үшін ішкі істер министрлігіне жіберілді.
Айта кетері, бүгін – референдум аясындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Ал мониторинг кезінде нақты үш негізгі талапқа бақылау жасалады. Атап айтқанда, анонимді үгіт материалдарға тыйым салу, қоғамдық сауалнаманы жүргізу ережесін сақтау және мемлекет мүддесіне қайшы үгітке жол бермеу.