https://sputnik.kz/20260210/qasietti-ramazan-ayy-zhaqyndap-qaldy---orazaga-dayynsyz-ba-61059919.html
Қасиетті Рамазан айы жақындап қалды - Оразаға дайынсыз ба
Қасиетті Рамазан айы жақындап қалды - Оразаға дайынсыз ба
Sputnik Қазақстан
Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге тұспа-тұс келіп тұр 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T16:20+0500
2026-02-10T16:20+0500
2026-02-10T16:20+0500
рамазан айы
ораза
қадір түні
арапа күні
құрбан айт
https://sputnik.kz/img/1384/84/13848476_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_80cdcd14b71ca13aba09f7851344f152.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі", - деген.Ораза кімдерге парызШариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар:Аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер өзінің және балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе, ораза тұтпауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі керек.Оразаны не бұзадыМұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.Сәресі мен ауызашарда айтылатын дұғаОраза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде: "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім", - деп айтуы керек.Ал ауызашар кезде "Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!" деген дұға айтылады.Ауызашарда дастарқан қалай жайыладыРамазан айында жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Ал аузы берік жанға ауызашар беру - сол сауапты істің бірі.Сондықтан ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуге тиіс. Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).Тамақтану орындарының иелері де халыққа қолжетімді әрі қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуы керек.Оразаның пайдасыЖалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Ораза – сабырдың жартысы" деген.Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.Пітір садақаРамазан айындағы пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген адам пітір садақасын беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса – өз еркі.Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды..Қадір түні мен Ораза айт қашан боладыБарша мұсылман Рамазан айын асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.Биыл Рамазан айы 19 наурызға дейін жалғасады.Айта кетері, Ораза айтта демалыс берілмейді. Биыл бұл діни мереке жұмаға түсіп тұр.Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.
https://sputnik.kz/20250326/qadir-tuni-oqylatyn-dugalar--51930467.html
https://sputnik.kz/20251106/2026-zhyly-oraza-19-aqpanda-bastalady---dini-kunder-kestesi-bekitildi-58503981.html
https://sputnik.kz/20250602/oraza-ustauga-bola-ma-arapa-kuni-ne-isteu-kerek-54104302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/84/13848476_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_c585ff8935c5ba747b37bc7a1da840d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рамазан айы, ораза, қадір түні, арапа күні, құрбан айт
рамазан айы, ораза, қадір түні, арапа күні, құрбан айт
Қасиетті Рамазан айы жақындап қалды - Оразаға дайынсыз ба
Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге тұспа-тұс келіп тұр
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі", - деген.
Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар:
жүкті немесе бала емізетін әйелдер.
Аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер өзінің және балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе, ораза тұтпауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі керек.
ораза ұстағанын біле тұра ішіп-жеу;
темекі тарту, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
ерлі-зайыптылардың жақындасуы (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық затты әдейілеп жеу.
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.
Сәресі мен ауызашарда айтылатын дұға
Ораза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде: "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім", - деп айтуы керек.
Ал ауызашар кезде "Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!" деген дұға айтылады.
Ауызашарда дастарқан қалай жайылады
Рамазан айында жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Ал аузы берік жанға ауызашар беру - сол сауапты істің бірі.
"Дін ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді", - дейді мүфтият мамандары.
Сондықтан ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуге тиіс. Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).
Тамақтану орындарының иелері де халыққа қолжетімді әрі қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуы керек.
Жалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.
Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Ораза – сабырдың жартысы" деген.
Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.
Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.
Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.
Рамазан айындағы пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген адам пітір садақасын беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса – өз еркі.
Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды..
Қадір түні мен Ораза айт қашан болады
Барша мұсылман Рамазан айын асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.
Биыл Рамазан айы 19 наурызға дейін жалғасады.
Қадір түні - 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн;
Ораза айт мерекесі - 20 наурыз.
Айта кетері, Ораза айтта демалыс берілмейді. Биыл бұл діни мереке жұмаға түсіп тұр.
Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.