https://sputnik.kz/20250602/oraza-ustauga-bola-ma-arapa-kuni-ne-isteu-kerek-54104302.html
Ораза ұстауға бола ма: Арапа күні не істеу керек
Ораза ұстауға бола ма: Арапа күні не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Арапа күні Алладан жасаған күнә-қателіктеріміз үшін көбірек кешірім тілеп, тәубе етіп, дұға қылған дұрыс 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T18:21+0500
2025-06-02T18:21+0500
2025-06-02T18:21+0500
арапа күні
құрбан айт
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52061384_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_1d8077bc66a5162405031c7ab8299552.jpg
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Биыл Арапа күні 5 маусымға келіп тұр. Ал 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні болады. Sputnik Қазақстан Арапа күні орындалатын амаларды ұсынады.Арапа күні деген неАрапа – ислам дініндегі қадір-қасиеті мол күндердің бірі. Білу, түсіну деген мағынаны білдіреді.Бұл күннің "арапа" аталуының себебі, Зүл-хиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласы Исмайылды шалып жатқанын көреді. Алғашқыда оны жай түс деп ойлайды. Алайда ертесіне, яғни, Зүл-хиджа айының 9-ы күні сол түсті тағы көреді. Осыдан кейін оның Алладан келген аян екенін біледі. Осы себепті бұл күнді "Арапа" деп атап кеткен деседі. Қарияларымыз кейде оны "Қарапа" күні деп те атайды.Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер түс ауғаннан кейін ертеңгі (айт күні) таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына бір мезет тұрақтайды, таудың етегінде намаз оқиды. Меккеден Арафат тауына дейінгі аралық жол 7 сағатты құрайды. Бұл сапарға аттанған адам тауға жаяу жүріп көтерілуі шарт. Арафат тауында тұру – қажылықтың негізгі бөлігі, онсыз қажылық жасалды деп есептелмейді.Арафат – Аллаға жалбарынып, күнәларына тәубе ету үшін пенделердің жиналатын мекені. Сол жерде адамдар әлсіз, мұқтаж күйде Алланың алдында күнәларының кешірілуін үмітпен тілейді. Көзден жас төгіліп, тәубе етіліп, Жаратушыға шын жүректен жалбарынады. Сөйтіп Алла Тағала сол құлдарының тәубесін қабыл етіп, өмір дәптерлерінде тап-таза беттер ашылады.Арафат тауы – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың барша иман келтірген құлдарына берген сыйы. Сондықтан қажылық жасауға мүмкіндігі болмаған, Арафат тауына аяқ баса алмай, қынжылған жандар осы күнді шын ниетпен пайдалануы керек.Арапа күні не істеу керекАрапа күні жасалған ізгі амалдардың сауабы мол.Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) "Арапа күнін құрметтеңдер. Өйткені, Арапа – Алла қадірлі еткен күн" деген екен.Арапа күні Алладан жасаған күнә-қателіктеріміз үшін көбірек кешірім тілеп, тәубе етіп, дұға қылған дұрыс. Өсек-өтірік, ғайбат сөз, харам дүниелерден тыйылған абзал. Бұған қоса мұқтаждарға қол ұшын созып, ауру-сырқаудың көңілін сұрап, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен татуласып, өкпе-ренішті ұмыту арқылы да мол сауапқа кенелуге болады.Сонымен қатар Арапа күні әр шаңырақта ұлық мейрам Құрбан айтқа әзірлік басталады. Бауырсақ, шелпек пісіріп, дәмді тағамдар әзірленеді. Мол дастархан жайылып, қонақ күтуге дайындалады. Үйдің іші-сыртын тазалап, ретке келтіреді. Адамдар әдемі, жаңа киімдерін киіп, Құрбан айттың келгеніне ерекше шаттанып қуанады.Арапа күні ораза ұстауға бола маАрапа күні ораза ұстау – сүннет, қасиетті күні орындалатын ең ізгі амал саналады. Хадистерде Арапа күні ораза тұтудың сауабы мол және күнәларымыз кешірілетіні жайлы айтылған. Сол себепті қажылыққа бармаған әрбір мұсылман Арапа күні ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілегені абзал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) қиямет сырнайы үрленгенге дейін, өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады" - деген.Арапа оразасының уақытыАрапа оразасының уақытын күнделікті намаз кестесінен қарауға болады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты. Сәресін таң намазына 10 минут қалғанда аяқтаған абзал.Ал ақшам намазының кіруімен ауыз ашу уақыты басталады. Ауыз ашқанда сумен немесе құрмамен ашып, қазақшалап тілек-дұғасын жасайсыз.Арапа күні оқылатын дұғаПайғамбарымыз: "Арапа – артықшылығы мол күн. Ол артықшылығы жағынан қасиетті жұма күніне ұқсас. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға", - деген. Сондықтан Арапа күні алақан жайып Алладан өзіңізге, отбасыңызға, ел-жұртыңызға амандық тілеп, жәрдем сұраған жөн.Бұдан бөлек Арапа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере сала "Аллаһуммә әнтәссәлам..." дұғасын оқымай тұрып, уәжіп болған тәшриқ тәкбір дұғасын оқуы керек. Әйелдер дауысын шығармай, ішінен оқиды. Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады.Тәшриқ тәкбірі: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд".Кейбір ғалымдар Арапа күні "Ықылас" сүресін барынша көп, тіпті мың рет оқудың артықшылығы туралы айтқан.
https://sputnik.kz/20250528/54009982.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52061384_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_51c219b9b3c9a53831c895370331b0ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арапа күні, құрбан айт
Ораза ұстауға бола ма: Арапа күні не істеу керек
Арапа күні Алладан жасаған күнә-қателіктеріміз үшін көбірек кешірім тілеп, тәубе етіп, дұға қылған дұрыс
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Биыл Арапа күні 5 маусымға келіп тұр. Ал 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні болады.
Sputnik Қазақстан Арапа күні орындалатын амаларды ұсынады.
Арапа – ислам дініндегі қадір-қасиеті мол күндердің бірі. Білу, түсіну деген мағынаны білдіреді.
Бұл күннің "арапа" аталуының себебі, Зүл-хиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласы Исмайылды шалып жатқанын көреді. Алғашқыда оны жай түс деп ойлайды. Алайда ертесіне, яғни, Зүл-хиджа айының 9-ы күні сол түсті тағы көреді. Осыдан кейін оның Алладан келген аян екенін біледі. Осы себепті бұл күнді "Арапа" деп атап кеткен деседі. Қарияларымыз кейде оны "Қарапа" күні деп те атайды.
Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер түс ауғаннан кейін ертеңгі (айт күні) таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына бір мезет тұрақтайды, таудың етегінде намаз оқиды. Меккеден Арафат тауына дейінгі аралық жол 7 сағатты құрайды. Бұл сапарға аттанған адам тауға жаяу жүріп көтерілуі шарт. Арафат тауында тұру – қажылықтың негізгі бөлігі, онсыз қажылық жасалды деп есептелмейді.
Арафат – Аллаға жалбарынып, күнәларына тәубе ету үшін пенделердің жиналатын мекені. Сол жерде адамдар әлсіз, мұқтаж күйде Алланың алдында күнәларының кешірілуін үмітпен тілейді. Көзден жас төгіліп, тәубе етіліп, Жаратушыға шын жүректен жалбарынады. Сөйтіп Алла Тағала сол құлдарының тәубесін қабыл етіп, өмір дәптерлерінде тап-таза беттер ашылады.
Арафат тауы – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың барша иман келтірген құлдарына берген сыйы. Сондықтан қажылық жасауға мүмкіндігі болмаған, Арафат тауына аяқ баса алмай, қынжылған жандар осы күнді шын ниетпен пайдалануы керек.
Арапа күні не істеу керек
Арапа күні жасалған ізгі амалдардың сауабы мол.
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) "Арапа күнін құрметтеңдер. Өйткені, Арапа – Алла қадірлі еткен күн" деген екен.
Арапа күні Алладан жасаған күнә-қателіктеріміз үшін көбірек кешірім тілеп, тәубе етіп, дұға қылған дұрыс. Өсек-өтірік, ғайбат сөз, харам дүниелерден тыйылған абзал. Бұған қоса мұқтаждарға қол ұшын созып, ауру-сырқаудың көңілін сұрап, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен татуласып, өкпе-ренішті ұмыту арқылы да мол сауапқа кенелуге болады.
Сонымен қатар Арапа күні әр шаңырақта ұлық мейрам Құрбан айтқа әзірлік басталады. Бауырсақ, шелпек пісіріп, дәмді тағамдар әзірленеді. Мол дастархан жайылып, қонақ күтуге дайындалады. Үйдің іші-сыртын тазалап, ретке келтіреді. Адамдар әдемі, жаңа киімдерін киіп, Құрбан айттың келгеніне ерекше шаттанып қуанады.
Арапа күні ораза ұстауға бола ма
Арапа күні ораза ұстау – сүннет, қасиетті күні орындалатын ең ізгі амал саналады. Хадистерде Арапа күні ораза тұтудың сауабы мол және күнәларымыз кешірілетіні жайлы айтылған. Сол себепті қажылыққа бармаған әрбір мұсылман Арапа күні ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілегені абзал.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) қиямет сырнайы үрленгенге дейін, өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады" - деген.
Арапа оразасының уақытын күнделікті намаз кестесінен қарауға болады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты. Сәресін таң намазына 10 минут қалғанда аяқтаған абзал.
Ал ақшам намазының кіруімен ауыз ашу уақыты басталады. Ауыз ашқанда сумен немесе құрмамен ашып, қазақшалап тілек-дұғасын жасайсыз.
Пайғамбарымыз: "Арапа – артықшылығы мол күн. Ол артықшылығы жағынан қасиетті жұма күніне ұқсас. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға", - деген. Сондықтан Арапа күні алақан жайып Алладан өзіңізге, отбасыңызға, ел-жұртыңызға амандық тілеп, жәрдем сұраған жөн.
Бұдан бөлек Арапа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере сала "Аллаһуммә әнтәссәлам..." дұғасын оқымай тұрып, уәжіп болған тәшриқ тәкбір дұғасын оқуы керек. Әйелдер дауысын шығармай, ішінен оқиды. Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады.
Тәшриқ тәкбірі: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд".
Кейбір ғалымдар Арапа күні "Ықылас" сүресін барынша көп, тіпті мың рет оқудың артықшылығы туралы айтқан.