https://sputnik.kz/20251106/2026-zhyly-oraza-19-aqpanda-bastalady---dini-kunder-kestesi-bekitildi-58503981.html
2026 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталады - діни күндер кестесі бекітілді
2026 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталады - діни күндер кестесі бекітілді
Sputnik Қазақстан
Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді 06.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-06T15:31+0500
2025-11-06T15:31+0500
2025-11-06T15:37+0500
ораза
құрбан айт
діни мерекелер
рамазан айы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23935527_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ef6684a606ad02da5f8b72ce925a7394.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін жариялады.Мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес, келесі жылы ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді.Рамазанның аяқталуына арнайы дастархан жайылып тойланатын тағы бір діни мереке - Ораза айт 20 наурызға дөп келіп тұр.Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.Сонымен қатар мұсылмандар үшін қасиетті түндер - Миғраж түні қаңтардың 15-інен 16-сына қарағанда, Бараат түні ақпанның 2-сінен 3-іне қарағанда аталады. Ал Мәуліт айы 25 тамызда кіреді.
https://sputnik.kz/20250602/oraza-ustauga-bola-ma-arapa-kuni-ne-isteu-kerek-54104302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23935527_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_62e83c1c741e1c35c60fcafad1141834.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза, құрбан айт, діни мерекелер, рамазан айы
ораза, құрбан айт, діни мерекелер, рамазан айы
2026 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталады - діни күндер кестесі бекітілді
15:31 06.11.2025 (жаңартылды: 15:37 06.11.2025) Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін жариялады.
Мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес, келесі жылы ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді.
Рамазанның аяқталуына арнайы дастархан жайылып тойланатын тағы бір діни мереке - Ораза айт 20 наурызға дөп келіп тұр.
Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
"Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін", - деп ескертті басқармадағылар.
Сонымен қатар мұсылмандар үшін қасиетті түндер - Миғраж түні қаңтардың 15-інен 16-сына қарағанда, Бараат түні ақпанның 2-сінен 3-іне қарағанда аталады. Ал Мәуліт айы 25 тамызда кіреді.