https://sputnik.kz/20260205/yandeks-taksi-zhurgizushilerinin-tabysy-turaly-aqparat-prokuraturaga-zhiberiledi-60945763.html
"Яндекс Такси" жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі
"Яндекс Такси" жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі
Sputnik Қазақстан
Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар 05.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-05T11:53+0500
2026-02-05T11:53+0500
2026-02-05T11:56+0500
астана
такси
алимент
https://sputnik.kz/img/1224/69/12246935_533:534:2469:1623_1920x0_80_0_0_c24869c60f83b910c3255cbe69d2011b.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау. Себебі бүгінде қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.Былтыр Яндекс.Таксиде табысын жасырып жүрген 110 адам анықталған болатын. Сол кезде 57-сіне әкімшілік шара қолданылса, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынған болатын.Айта кетері, бұған дейін Астанада төрт баланың әкесінен алимент бойынша 196 миллион теңгенің берешегі өндіріп алынды.
https://sputnik.kz/20251202/aliment-toleudin-ornyna-qumar-oyyn-oynagan-almatylyq-zhauapqa-tartyldy-59290212.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1224/69/12246935_621:568:2006:1607_1920x0_80_0_0_8ba2cd0561bd38858b325f45e4fb5d83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, такси, алимент
"Яндекс Такси" жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі
11:53 05.02.2026 (жаңартылды: 11:56 05.02.2026) Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураның
ресми сайтына сілтеме жасап.
Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау. Себебі бүгінде қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.
Былтыр Яндекс.Таксиде табысын жасырып жүрген 110 адам анықталған болатын. Сол кезде 57-сіне әкімшілік шара қолданылса, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынған болатын.
"Ал келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді", - дейді прокурорлар.
Айта кетері, бұған дейін Астанада төрт баланың әкесінен алимент бойынша 196 миллион теңгенің берешегі
өндіріп алынды.