https://sputnik.kz/20251202/aliment-toleudin-ornyna-qumar-oyyn-oynagan-almatylyq-zhauapqa-tartyldy-59290212.html
Алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсаған алматылық жауапқа тартылды
Алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсаған алматылық жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T15:37+0500
2025-12-02T15:37+0500
2025-12-02T16:34+0500
алматы
казино
алимент
https://sputnik.kz/img/781/94/7819441_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_35f446e6d02ec3f7f54ecb5d389ca89f.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың уақытылы алимент алу құқығын қорғау жұмысын күшейтіп жатыр, деп хабарлады бас прокуратура.Алматы прокуратурасы алимент бойынша қомақты қарызы бар азаматты анықтады.Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.Ведомство хабарлағандай, осы жылдың 10 айында қала прокуратурасының бастамасымен 14 борышкер алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.Сонымен қатар алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 253 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам сомаға алимент берешегі өтелді.
https://sputnik.kz/20251126/zhambyl-oblysynda-mugalimdi-balagattagan-oqushynyn-anasy-zhauapqa-tartyldy-59113262.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/94/7819441_495:0:3728:2425_1920x0_80_0_0_8353ec3a7d58a00aad217f2b31b7ddd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, казино, алимент
Алимент төлеудің орнына ақшаны құмар ойынға жұмсаған алматылық жауапқа тартылды
15:37 02.12.2025 (жаңартылды: 16:34 02.12.2025) Ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың уақытылы алимент алу құқығын қорғау жұмысын күшейтіп жатыр, деп хабарлады
бас прокуратура.
Алматы прокуратурасы алимент бойынша қомақты қарызы бар азаматты анықтады.
"Ер адамның алимент бойынша 1 741 757 теңге қарызы бар екені анықталды. Ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан, алайда үш айдан астам уақыт бойы міндеттемелерін орындаудан қасақана жалтарған", - деп жазылған хабарламада.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.
Ведомство хабарлағандай, осы жылдың 10 айында қала прокуратурасының бастамасымен 14 борышкер алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 253 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам сомаға алимент берешегі өтелді.