https://sputnik.kz/20251126/zhambyl-oblysynda-mugalimdi-balagattagan-oqushynyn-anasy-zhauapqa-tartyldy-59113262.html
Жамбыл облысында мұғалімді балағаттаған оқушының анасы жауапқа тартылды
Жамбыл облысында мұғалімді балағаттаған оқушының анасы жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T11:20+0500
2025-11-26T11:20+0500
2025-11-26T11:21+0500
жамбыл облысы
оқушы
балағат сөз
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_0:146:3073:1874_1920x0_80_0_0_c8d79b12620c2ba14b9317b467d3fdc8.jpg
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Мұғалімге құрметсіздік танытқаны үшін оқушының анасы жауап берді, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.Істің мән-жайына сәйкес, Жаңатас қаласының мектеп-гимназиясының кәмелетке толмаған оқушысы, ағылшын тілі мұғалімінің сыныпқа екінші сабаққа бару туралы өтінішіне дөрекілікпен жауап берген. Сонымен қатар оқушы сабаққа барудан бас тартқан, мұғалімге былапыт сөздер айтқан.Мұндай әрекеттер үшін сот санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.Сотта әйел кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді.Сот оның кінәсін мойындауын, отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251015/zhinalysta-qaramagyndagylardy-balagattagan-temirzholshynyn-qyzmeti-osti-57929168.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_500:355:2757:2048_1920x0_80_0_0_6867ee46372e3bca8de62b15f9fcf352.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, оқушы, балағат сөз
жамбыл облысы, оқушы, балағат сөз
Жамбыл облысында мұғалімді балағаттаған оқушының анасы жауапқа тартылды
11:20 26.11.2025 (жаңартылды: 11:21 26.11.2025) Оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Мұғалімге құрметсіздік танытқаны үшін оқушының анасы жауап берді, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Істің мән-жайына сәйкес, Жаңатас қаласының мектеп-гимназиясының кәмелетке толмаған оқушысы, ағылшын тілі мұғалімінің сыныпқа екінші сабаққа бару туралы өтінішіне дөрекілікпен жауап берген. Сонымен қатар оқушы сабаққа барудан бас тартқан, мұғалімге былапыт сөздер айтқан.
"Осыған байланысты оның анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сот сонымен қатар жыл басында оқушының осындай әрекеті үшін жауапқа тартылғанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай әрекеттер үшін сот санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сотта әйел кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді.
Сот оның кінәсін мойындауын, отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.