https://sputnik.kz/20251210/astana-turgyny-196-mln-tenge-aliment-toledi-59490890.html
Астана тұрғыны 196 млн теңге алимент төледі
Астана тұрғыны 196 млн теңге алимент төледі
Sputnik Қазақстан
Борышкер ірі бизнестің иесі және төрт баланы тәрбиелеп отыр 10.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-10T21:19+0500
2025-12-10T21:19+0500
2025-12-10T21:20+0500
астана
борышкерлер
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанада жеке сот орындаушы төрт баланың әкесінен 196 миллион теңге алимент берешегін өндіріп алды, деп хабарлайды жеке сот орындаушылар палатасы.Балалардың әкесі кәсіпкер болған. Бұл өндіріс жеке орындау жүйесі үшін рекордтық көрсеткіш, дейді ведомство.Қарыздың нақты мөлшерін анықтау үшін мамандар борышкердің қаржысына егжей-тегжейлі тексеру жүргізген.Он жыл ішінде жиналып қалған негізгі қарыздың 140,6 миллион теңгесі, сондай-ақ кешіктірілгені үшін 56 миллион теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндіріп алынды.
https://sputnik.kz/20250821/zhetisu-oblysynda-boryshker-aliment-tolemeu-ushin-shetelge-qashyp-ketken-56496129.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, борышкерлер
Астана тұрғыны 196 млн теңге алимент төледі
21:19 10.12.2025 (жаңартылды: 21:20 10.12.2025) Борышкер ірі бизнестің иесі және төрт баланы тәрбиелеп отыр
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Астанада жеке сот орындаушы төрт баланың әкесінен 196 миллион теңге алимент берешегін өндіріп алды, деп хабарлайды жеке сот орындаушылар палатасы.
Балалардың әкесі кәсіпкер болған. Бұл өндіріс жеке орындау жүйесі үшін рекордтық көрсеткіш, дейді ведомство.
"Жеке сот орындаушысы Мейрам Әбдіков борышкерден 196 миллион теңгеден астам сома өндіріп, ең көлемді және қиын алимент істерінің бірін аяқтады", - дейді жеке сот орындаушылар палатасы.
Қарыздың нақты мөлшерін анықтау үшін мамандар борышкердің қаржысына егжей-тегжейлі тексеру жүргізген.
"Борышкер ірі бизнеске ие және төрт баланы тәрбиелеп отыр. Ол бірнеше рет сотқа шағымдану арқылы сот орындаушысының іс-әрекетіне қарсы шығуға тырысты, бірақ оннан астам сот отырысы жеке сот орындаушыларының пайдасына аяқталды", - дейді палата.
Он жыл ішінде жиналып қалған негізгі қарыздың 140,6 миллион теңгесі, сондай-ақ кешіктірілгені үшін 56 миллион теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндіріп алынды.