https://sputnik.kz/20250821/zhetisu-oblysynda-boryshker-aliment-tolemeu-ushin-shetelge-qashyp-ketken-56496129.html
Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен
Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен
Sputnik Қазақстан
Сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T17:39+0500
2025-08-21T17:39+0500
2025-08-21T17:39+0500
алимент
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/781/90/7819040_350:505:3881:2491_1920x0_80_0_0_9f8da2a613dc36c08d0a30cc8dfdd33c.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында алимент бойынша борышкер шетелге қашып кеткен, деп хабарлады облыстық прокуратура.Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу аясында борышкерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Бірнеше жылдан кейін сот орындаушысы атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушыға оның өтініші негізінде қайтарады.Прокурорлық тексеру кезінде өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қайтару және борышкердің шығуына қойылған шектеуді алып тастау туралы өтініштермен сот орындаушысына жүгінбегенін, өтініштегі қолжазба оған тиесілі емес екенін көрсетті.Оның үстіне ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан өтініш бере алмайтын болған. Борышкердің алимент бойынша берешегі өтелмеді.Облыс прокуратурасы сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
https://sputnik.kz/20250629/aliment-tolemegen-aqtaulyq-paterinen-ayyryldy---55206441.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/90/7819040_546:218:3820:2674_1920x0_80_0_0_17690cb6a1d60e85d8429102936addf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент, жетісу облысы
Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен
Сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында алимент бойынша борышкер шетелге қашып кеткен, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу аясында борышкерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Бірнеше жылдан кейін сот орындаушысы атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушыға оның өтініші негізінде қайтарады.
"Одан әрі өндіріп алушының өтініші негізінде борышкердің кетуіне қойылған шектеу алынып тасталып, ол Корея Республикасына емін-еркін ұшып кеткен, қазіргі уақытта сол жақта", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық тексеру кезінде өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қайтару және борышкердің шығуына қойылған шектеуді алып тастау туралы өтініштермен сот орындаушысына жүгінбегенін, өтініштегі қолжазба оған тиесілі емес екенін көрсетті.
Оның үстіне ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан өтініш бере алмайтын болған. Борышкердің алимент бойынша берешегі өтелмеді.
Облыс прокуратурасы сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.