Жаңаөзенде ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевАдам қолындағы пышақ
Адам қолындағы пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жазылу
Марқұм 44 жаста
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Жаңаөзен қаласында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Марқұм 44 жаста. Ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған.
"Жанжал алкогольді ішімдік себебінен болған. Бұл факті бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел іздестіру кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 29 қаңтарда Жаңаөзен ауруханасында 29 жастағы дәрігерді пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған.
30 қаңтарда Жаңаөзенде 7 баланың анасын пышақтап өлтірді. Күдікті ретінде марқұмның күйеуі ұсталды.
Шымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Шымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды
Жаңалықтар
0