Шымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды

© Sputnik / Табылды КадырбековШымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды
Шымкентте пышақ жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
Полиция күдіктіні ұстау кезінде оған қарсы табельдік қару қолданған
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Шымкентте әйел пышақ жарақатынан көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушіге өзара араздық негізінде пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
"Күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде ол қарулы қарсылық көрсетті. Осыған байланысты заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қарсы табельдік қару қолдануға мәжбүр болды", - дейді қалалық полиция департаменті.
Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, полицияның күзетіне алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңаөзенде 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0