Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Murad OrujovЖаңаөзенде 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Жаңаөзенде 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қайтыс болды.
Жәбірленуші ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген.

""28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде ер адамдар арасында болғандығы анықталды", - дейді полиция

Болған оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өз еркімен барып, жасаған әрекетін мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пышақтап тастаған: Екібастұзда тұрмыстық жанжал кезінде ер адам қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2026
Пышақтап тастаған: Екібастұзда тұрмыстық жанжал кезінде ер адам қаза тапты
Жаңалықтар
0