https://sputnik.kz/20260127/zheke-menshik-mektepterge-qatysty-qanday-ozgerister-bolady-60715130.html
Жеке меншік мектептерге қатысты қандай өзгерістер болады
Жеке меншік мектептерге қатысты қандай өзгерістер болады
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінеді 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T17:12+0500
2026-01-27T17:12+0500
2026-01-27T17:12+0500
мектеп
министрлік
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533951_0:110:1171:769_1920x0_80_0_0_889615f996506c2642d9b61351f490a6.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке меншік мектептерге қатысты өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін президент жеке меншік мектептердің жұмысын сынға алған болатын. Себебі оқушы санын артық көрсету арқылы мемлекет қаржысын ұрлау фактілері жиілеп кетті. Ал премьер-министр Бектенов жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мараторий енгізуді тапсырды.Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, наурыз айында лицензиядан кейінгі тексеріс шаралары басталады. Оны бас прокуратура әкімдіктермен бірге өткізеді.Ал жаңа оқу жылынан бастап жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тапсырыстың көлемін анықтайды. Мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінеді."Тағы айтайын, егер жеке меншік мектеп барлық заңды талапты сақтап отырса, онда ары қарай жұмыс істей береді", - деді министр.Айта кетері, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда тойхана, ал Шымкентте сауда орталығы ретінде көрсетілген. Ал кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533951_0:0:1171:878_1920x0_80_0_0_a03fd06110cf73a2aad09a04f14309c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, министрлік, үкімет
мектеп, министрлік, үкімет
Жеке меншік мектептерге қатысты қандай өзгерістер болады
Мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінеді
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке меншік мектептерге қатысты өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент жеке меншік мектептердің жұмысын сынға алған болатын. Себебі оқушы санын артық көрсету арқылы мемлекет
қаржысын ұрлау фактілері жиілеп кетті. Ал премьер-министр Бектенов жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мараторий енгізуді
тапсырды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, наурыз айында лицензиядан кейінгі тексеріс шаралары басталады. Оны бас прокуратура әкімдіктермен бірге өткізеді.
"Олар балалардың қауіпсіздігін, білім беру қызметтерінің сапасын, сондай-ақ, мұғалімдердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер барлығы сай болса, жұмысты жалғастыра беруге болады", - деді Сүлейменова үкіметтегі брифингте.
Ал жаңа оқу жылынан бастап жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тапсырыстың көлемін анықтайды. Мемлекеттік мектептерде орын болмаса, жеке меншік мектептерге барған балалар үшін қаржы бөлінеді.
"Тағы айтайын, егер жеке меншік мектеп барлық заңды талапты сақтап отырса, онда ары қарай жұмыс істей береді", - деді министр.
Айта кетері, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда тойхана, ал Шымкентте сауда орталығы ретінде көрсетілген. Ал кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген.