https://sputnik.kz/20251117/toykhanany-zheke-menshik-mektepke-aynaldyrgandardyn-areketi-ashkere-boldy-58852897.html
Тойхананы жеке меншік мектепке айналдырғандардың әрекеті әшкере болды
Тойхананы жеке меншік мектепке айналдырғандардың әрекеті әшкере болды
Sputnik Қазақстан
Кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T16:37+0500
2025-11-17T16:37+0500
2025-11-17T16:38+0500
мектеп
оқушы
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708638_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5f411c5d7c0e53d1bed319b2600fd46a.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда жекеменшік мектептер саны артып келеді. Алайда білімді бизнес көрген кейбір мекеме шын мәнінде оқымайтын оқушы үшін мемлекеттен қаражат алып, тойхананы мектепке айналдырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қаржы министрлігі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, 745 мекеменің 155-і алынған кірісті көрсетпеген.Бұл аздай, кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген."Талдау кезінде жекеменшік мектептердегі оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздік анықталды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын оқу орнында тіркелген балалардың іс жүзінде мүлдем басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Ал жекелеген өңірлерде кейбір мектептер оқудан шығып кеткен оқушылар үшін де ақша алып отырған", - дейді қаржы министрлігі.64 мектепте білім алушылар саны жоба бойынша көлемнен 2 есе артық."Мысалы, Алматы облысындағы жекеменшік мектептердің бірінде жобалық қуаты 60 адамға есептелгенмен, іс жүзінде 702 оқушы көрсетілген. Астана қаласының жекеменшік мектебінде қуаттылығы 241 оқушыға арналған, ал құжаттарда 1003 адам көрсетілген", - дейді қаржы министрлігі.Сонымен қатар, жеке мектептерде құжаты жалған мұғалімдер, сондай-ақ қосарланған қаржыландыру фактілері табылды.
https://sputnik.kz/20250828/studentterge-arnalgan-zheke-menshik-zhataqkhanalarda-zhatyn-oryn-bagasy-qanday-56658066.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708638_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_21464239e4c912114390a7dcc30644de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, тексеру
Тойхананы жеке меншік мектепке айналдырғандардың әрекеті әшкере болды
16:37 17.11.2025 (жаңартылды: 16:38 17.11.2025) Кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда жекеменшік мектептер саны артып келеді. Алайда білімді бизнес көрген кейбір мекеме шын мәнінде оқымайтын оқушы үшін мемлекеттен қаражат алып, тойхананы мектепке айналдырған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаржы министрлігі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, 745 мекеменің 155-і алынған кірісті көрсетпеген.
"Цифрландырылған 427 мектептің шамамен 30%-і қызмет түрінің нысаналы мақсаты бойынша сәйкес келмеді. Мәселен, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда – тойхана, Шымкентте – сауда орталығы және тағы басқа бағыттағы нысан ретінде көрсетілген", - дейді қаржы министрлігі.
Бұл аздай, кейбір жекеменшік мектеп жоқ оқушы үшін мемлекеттен қаржы алып келген.
"Талдау кезінде жекеменшік мектептердегі оқушыларды есепке алу мен қаржыландыруда сәйкессіздік анықталды. Ұлттық білім беру дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын оқу орнында тіркелген балалардың іс жүзінде мүлдем басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Ал жекелеген өңірлерде кейбір мектептер оқудан шығып кеткен оқушылар үшін де ақша алып отырған", - дейді қаржы министрлігі.
64 мектепте білім алушылар саны жоба бойынша көлемнен 2 есе артық.
"Мысалы, Алматы облысындағы жекеменшік мектептердің бірінде жобалық қуаты 60 адамға есептелгенмен, іс жүзінде 702 оқушы көрсетілген. Астана қаласының жекеменшік мектебінде қуаттылығы 241 оқушыға арналған, ал құжаттарда 1003 адам көрсетілген", - дейді қаржы министрлігі.
Сонымен қатар, жеке мектептерде құжаты жалған мұғалімдер, сондай-ақ қосарланған қаржыландыру фактілері табылды.