Студенттерге арналған жеке меншік жатақханаларда жатын орын бағасы қандай

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев ознакомился с работой Гуманитарного колледжа Уштобе
Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой Гуманитарного колледжа Уштобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
жеке меншік жатақханаларға субсидия бөлінетіндіктен, министрлік жатын орын бағасын 40 мыңнан асырмауды міндеттеген
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер үшін жатақхана ақысының шекті мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайханның айтуынша, университеттер жанындағы жатақханаларға кіре алмаған студенттерді жеке меншік хостел мен қонақ үйлерге орналастырады. Онда жатын орынның ақысы сәл жоғары. Студентке жалғыз тұруға да болады.
"Қазіргі кезде Алматы мен Астанада қалаларында университет жатақханаларында тұру ақысы 20 мың теңгеден басталады. Ал жеке меншік жатақханаларға субсидия бөлінеді. Сондықтан біз жатын орынның бағасын 40 мыңнан асырмауды міндеттедік. Жеке меншік қонақ үйлер мен хостелдерде 60 мың теңгеге дейін баратын бөлмелер бар. Бүгінде кейбір студенттер бұл бөлмеде өзім тұрғым келеді дейді. Тұрыңыздар, қалтаңыз қаражат көтерсе, 60 мың төлеп, тұра беруге болады", - деді Абылайхан орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ал университет жатақханасында ондай мүмкіндік берілмейді. Оған қоса, орын берудің нақты кезегі бар. Алдымен жетімдер, мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жатақхана беріледі. Одан кейін грантқа түскен I курс студенттері орналастырылады.
Аудиториядағы студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Биыл Астанада студенттерге 8 жатақхана пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0