Биыл Астанада студенттерге 8 жатақхана пайдалануға беріледі

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАудиториядағы студенттер
Аудиториядағы студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Жазылу
Былтыр елордада жалпы сыйымдылығы шамамен 1 700 орынға арналған 5 студенттік жатақхана пайдалануға берілген
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. 2025 жылы елордада 8 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі, деп жазды Астана әкмі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол оқу жылының басталуына екі аптаның көлеміндей ғана уақыт қалғандықтан, әлеуметтік нысандарды ашуға дайындық жүріп жатқанын жазды.
"Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Салалық министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, жатақхана орындарын көбейту бағытында жұмыс істеп жатырмыз", - деді Қасымбек.
Ол ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында ашылатын 400 орындық студенттік жатақханаға барды. Бұл әлеуметтік нысан жеке инвестиция есебінен салынып жатыр.
"Елордада 2025 жылдың басынан бері шамамен 2 мың 700 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2 060 орынға арналған тағы 7 нысанды ашу жоспарланып отыр. Осылайша, 2025 жылы жалпы сыйымдылығы 4 716 орындық 8 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі", - деп жазды бас қала басшысы.
Ол былтыр елордада жалпы сыйымдылығы шамамен 1 700 орынға арналған 5 студенттік жатақхана пайдалануға берілгенін еске салды.
Әкімнің айтуынша, жаңа оқу жылы ішінде Астанада 15 мектеп ашылса, оның 7-еуі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл білім беру нысандары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Кітапхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Қырғызстанда білім алып жүрген қазақстандық 20 студент оқудан шығарылды
Жаңалықтар
0