https://sputnik.kz/20250701/qyrgyzstanda-bilim-alyp-zhurgen-qazaqstandyq-20-student-oqudan-shygaryldy-55287487.html
Қырғызстанда білім алып жүрген қазақстандық 20 студент оқудан шығарылды
Қырғызстанда білім алып жүрген қазақстандық 20 студент оқудан шығарылды
Sputnik Қазақстан
Оқу орнына ресми түрде қабылданған бірқатар шетелдік студенттің іс жүзінде елде болмағаны анықталды 01.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-01T19:32+0500
2025-07-01T19:32+0500
2025-07-01T19:32+0500
қазақстан
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_672ef558da83e7bb041fd3f6785a69ec.jpg
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, оның 20-сы қазақстандық студенттер.Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) шетелдік студенттерді оқытуға байланысты бұзушылықтарды анықтады.Оқу орнына ресми түрде қабылданған бірқатар шетелдік студенттің іс жүзінде елде болмағаны және Қырғыз Республикасынан тыс жерде білім беру процесіне қатыспағаны анықталды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде "Қызметтік жалғандық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу-жедел іс-шаралар шеңберінде көрсетілген бұзушылықтарды растайтын комиссиялық тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 59 шетелдік студентті оқудан шығару туралы шешім қабылданды, оның ішінде:Қазіргі уақытта Қырғызстан ұлттық қауіпіздік мемлекеттік комитеті анықталған бұзушылықтарға қатысы бар КМУ оқытушылары мен әкімшілік құрамынан шыққан адамдар тобын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.
https://sputnik.kz/20250314/aqmola-oblysynda-116-student-oqudan-negizsiz-shygyp-qala-zhazdagan-51619818.html
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_8d080fa589e0a5465cc36476fa90f27a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан
Қырғызстанда білім алып жүрген қазақстандық 20 студент оқудан шығарылды
Оқу орнына ресми түрде қабылданған бірқатар шетелдік студенттің іс жүзінде елде болмағаны анықталды
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, оның 20-сы қазақстандық студенттер.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) шетелдік студенттерді оқытуға байланысты бұзушылықтарды анықтады.
Оқу орнына ресми түрде қабылданған бірқатар шетелдік студенттің іс жүзінде елде болмағаны және Қырғыз Республикасынан тыс жерде білім беру процесіне қатыспағаны анықталды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде "Қызметтік жалғандық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу-жедел іс-шаралар шеңберінде көрсетілген бұзушылықтарды растайтын комиссиялық тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде 59 шетелдік студентті оқудан шығару туралы шешім қабылданды, оның ішінде:
Өзбекстан Республикасынан - 30;
Қазақстан Республикасынан - 20;
Ресей Федерациясынан - 9.
Қазіргі уақытта Қырғызстан ұлттық қауіпіздік мемлекеттік комитеті анықталған бұзушылықтарға қатысы бар КМУ оқытушылары мен әкімшілік құрамынан шыққан адамдар тобын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.