Ақмола облысында 116 студент оқудан негізсіз шығып қала жаздаған

© Sputnik / Владислав ВодневСтуденттер. Архивтегі фото
Студенттер. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Облыстық прокуратура бұл келеңсіздіктің алдын алды
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында 116 студент оқудан негізсіз шығып қала жаздады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Жергілікті атқарушы орган грант негізінде білім алып жатқан 116 студенттің оқу ақысын аудармай, медициналық университеттерге 72,7 млн теңге қарыз болып қалған", - дейді ведомство.
Прокуратураның айтуынша, бұл қарыз былтырдан бастап жиналған. Салдарынан студенттер оқудан негізсіз шығып қала жаздады.
Қадағалау актісі бойынша берешек толық өтелді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде 116 студенттің құқығы қорғалды.
Қыздар төбелесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Өңірлер
Талдықорғанда оқушы қызды құрдастары ұрып-соқты: біреуі оқудан шығарылды
Жаңалықтар
0