Үкімет басшысы мораторий енгізуді тапсырды

© Photo : Акимат Абайской областиКомфортная школа в Абайской области
Комфортная школа в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
Оқу-ағарту министрлігіне бір айдың ішінде жеке меншік оқу орындардың жаңа стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан лицензиядан кейінгі бақылау жүктелді
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мараторий енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент жеке меншік мектептерді мемлекет тарапынаеэн қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырған. Себебі бұл салада тәртіп бұзушылықтар көп. Бүгін премьер-министр осы мәселеге қатысты өз шешімін жариялады.
"Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын. Мемлекеттік қаржыландырумен өңірлердің оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілігін жабатын жеке меншік мектептер ғана қамтамасыз етілгені жөн", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал қымбат әрі элиталық мектептерді мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылады.
Бұдан бөлек, оқу-ағарту министрлігіне бір айдың ішінде жеке меншік оқу орындардың жаңа стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан лицензиядан кейінгі бақылау жүктелді.
Айта кетері, бүгінде мемлекеттік мектептерде орын болмаған жағдайда баланы жекеменшік ұйымда оқытуға болады. Сол кезде әрбір оқушы үшін мемлекеттен субсидия беріледі. Алайда пысықай кәсіпкерлер субсидия көлемін көбейту мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды легі қолдан арттырады. Мәселен. аудит кезінде 1 333 оқушының бір мектептен екінші мектепке 5, тіпті 12 рет көшуі анықталды. Ал 64 жекеменшік мектепте оқушылардың саны жобалық қуаттан екі есе артық болған.
Жайлы мектеп жобасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Тойхананы жеке меншік мектепке айналдырғандардың әрекеті әшкере болды
Жаңалықтар
0