Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

© Photo : АкордаЗаседание Рабочей группы по Парламентской реформе с участием Касым-Жомарта Токаева
Заседание Рабочей группы по Парламентской реформе с участием Касым-Жомарта Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2026
Жазылу
Бұған дейін президент парламенттік реформа және тағы басқа бастамаларға байланысты Конституцияның басым бөлігі жаңаратынын айтқан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Астанада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін президент парламенттік реформа және тағы басқа бастамаларға байланысты Конституцияның басым бөлігі жаңаратынын айтқан.
"2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайда.
Осыдан кейін президент Конституциялық комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойған. Эльвира Әзімова комиссия төрағасы болып тағайындалды.
Отырысты әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда consot_kz, constcouncil.kz, Конституциялық реформа, сондай-ақ, Jibek Joly мен 24KZ телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетері, парламенттік реформа аясында мәжіліс "Құрылтай" деп аталады. Ал президент квотасы немесе Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы болмайды. Себебі ассамблеяның жұмысы тоқтатылады. Оның орнына Қазақстанның Халық кеңесі құрылады. Ақордада вице-президент лауазымы енгізіледі. Конституциялық комиссия соның барлығын жан-жақты талқылайды. Одан кейін барлық өзгеріс жалпыхалықтық референдумға шығарылады.
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Елдегі жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады
Жаңалықтар
0