Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қойды

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
Конституциялық комиссияға Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова төрағалық етеді
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы:
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы,
Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары,
Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары,
Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы.
Комиссия мүшелерімен мына жерде танысуға болады.
Айта кетері, президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылатынын Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда хабарлаған болатын.

"2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым", - дейді Тоқаев.
Касым-Жомарт Токаев выступил на Национальном курултае в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Саясат
Тоқаев құрылтайдың соңғы отырысын өткізді: саяси жаңғырудың жаңа кезеңі басталды
Жаңалықтар
0