Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды

© PhotoКредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Жазылу
Жаңа заң бойынша ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп отырады. Бірақ ол уақыттың ішінде адамдар бірнеше банктен қарызға ақша алып үлгереді.
Тоқаев қол қойған заңнан кейін бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді. Осылайша, "кредиттік шопингке" тыйым салынады.
Бұдан бөлек, ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі.
Заң аясында криптовалюта айырбастау пункттерін ашуға да рұқсат беріледі. Бірақ оған дейін нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеу керек. Осы жұмысқа үш айдай уақыт қажет.
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Кредиттің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі
Жаңалықтар
0